Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары. Параллелограмм, ромб ауданы.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Аудан

Мектеп: Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тлеубаева Г.К.

Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары. Параллелограмм, ромб ауданы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.11

параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

 

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

біледі:

- параллелограмм мен ромбтың ауданының формуласын.

қолдана алады:

-параллелограмм мен ромб аудандарының формулаларын қорытып шығарады және есеп шығарғанда қолдана алады.

 

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

біледі:

- параллелограмм мен ромбтың ауданының формуласын.

қолана алады:

  • -параллелограмм мен ромб аудандарының формулаларын қорытып шығарады және есеп шығарғанда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • топта жұмыс істеу кезінде теориялық материалды ғылыми тілде негіздей алатын болады;
  • өзінің әрекетін сипаттап, қорытынды жасайтын болады;
  • ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады;

Пәндік лексика және терминология:

  • параллелограммның ауданы ... көбейтіндісіне тең;
  • кез келген екі тең шамалас параллелограмм ...;
  • ауданның өлшем бірлігі ретінде ...

Құндылықтарды дарыту

Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар өзін және өзгені құрметтеуді үйренеді. Оқушыларды ашықтыққа үйрету -  оқушылардың өз деңгейлерін нақты бағалауды және оқу мақсаттарын қаншалықты игергендігін дәл айқындауды дағдыларын ұштайды.

Пәнаралық байланыс

Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы шынайы өмірмен байланыстыру. Алгебрамен байланысты

Бастапқы білім

  • Ауданның өлшем бірлігі, тіктөртбұрыштың, шаршының ауданы.

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме балалар!

Тірек білімдерді белсендендіру.

Өткен сабақта қандай тақырыппен таныс болдық?

-Аудан ұғымы. Тіктөртбұрыштың ауданы. Иә

«А,В,С» әдісі

А - сұрақ қояды.

В - жауап береді.

С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, сұрақ соңында қорытынды береді.

Қойылатын сұрақтар:

1.Фигураның ауданы дегеніміз не?

Фигураның ауданы жазықтықтағы осы фигура жататын бөліктің шамасын сипаттайды,.

 2.Ауданның өлшем бірлігі ретінде не алынады?

-Ауданның өлшем бірлігі ретінде қабырғасы ұзындықтың өлшем бірлігі ретінде квадрат алынады.

3. Жазық фигуралардың аудандарының қасиеттері?

1 қасиет.Фигураның ауданы оң шама болады

2 қасиет.Тең фигуралардың аудандары да тең.

3 қасиет.Ф  фигурасы Ф1 және Ф2 фигураларына бөлнсе, Ф фигурасының ауданы Ф1 және Ф2 фигуралары аудандарының қосындысына тең болады.

4. Тіктөртбұрыштың ауданы? S=a*b,

5. Шаршының ауданы?  S=a2

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.№17,№19 (С деңгейі, слайдта жауаптары болады).

Оқушылар слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

 

№1-3 слайд

 

 

 

Сабақтың ортасы

10 минут

Сыныппен жұмыс.

Тақтадағы мына фигуралардан параллелограмм мен ромбты табындар.

 «Бір минут»

Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде параллелограмм және ромб қасиеттері бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

 

 

 

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

 

 

                                          

  1. Параллелограмм деген қандай фигура?
  • Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан паралелль болатын төртбұрыш пареллелограмм деп аталады.
  1. Паралеллограммның қасиеттерін кім біледі?

1)Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары және қарама-қарсы бұрыштары тең.

2) Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді,

3) Параллелограмның бір қабырғасына іргелес жатқан бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең.

3. Параллелограмның биіктігі дегеніміз не?

- паралелограмның бір төбесінен қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп аталады, ал биіктігі түсірілген қабырға табаны деп аталады.

  •  

 

 

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№4-6 слайд

 

Сабақтың ортасы

20 минут

  1. Өзіндік практикалық жұмыс

Тақырып: "Параллелограмм ауданы".

Мақсаты: Параллелограмм ауданы тақырыбын зерттеу және оны тіктөртбұрыш ауданы арқылы табу әдісі.

Жұмыс барысы.

1. Параққа параллелограмм мен оның биіктігін салыңыз..

2. Суретте көрсетілгендей параллелограмды биіктігі бойынша қиыңыз, сосын оны оң жақ бөлікке жапсырыңыз.

3. Пайда болған фигура жайлы пікіріңізді айтыңыз.

4. Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласын жазыңыз.

Параллелограммның ауданы жайлы ойды қорытындылаңыз.

Қорытынды: Параллелограммның қабырғасының ұзындығы тіктөртбұрыштың ұзындығына, ал оның биіктігі тіктөртбұрыштың еніне тең болғандықтан, параллелограмның ауданы қабырғасы мен биіктігінң көбейтіндісіне тең. Дәптерге жазып алады.

Дәптерге ромбтың ауданының екі  формуласын да жазып алады.

 

Параллелограмның ауданы туралы видеоролик көрсету. 

 

Ауызша тапсырмалар орындау. Слайд 19-22

 

Дәптермен жұмыс

А тобы: №1

В тобы: №2

С тобы: №5

Топтық жұмыс. Сәйкестендіру

 

 

  1. Биіктіктің анықтамасы.

 В төбесінен қарсы жатқан қабырғаларына перпендикулярлар түсіреміз және оларды салыстырамыз. Параллелограммның биіктігіне анықтама береміз:

Анықтама: №4 слайд

Егер параллелограмм ромб болмаса, онда оның биіктіктерінің ұзындықтары әртүрлі болады. (суретте ВЕ және ВF) .

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/

 

 

Слайд

 

Сабақтың ортасы

5 минут

  1. «Кім жылдам?»

Берілгендері бойынша аудандарын табыңыздар:

а) боялған бөліктің ауданын;

ә) боялмаған аймақтың ауданын.

 

 

 

Қосымша 3

 

Сабақтың соңы

 

2 мин

Рефлексия.

Мен не білемін ...           Мен бүгін үйрендім …     

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …      

Үй тапсырмасы.  № 6 слайд

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі тпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында үшбұрыштардың теңдігін қолдану дағдылары да тексеріледі.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.

Жаңартылған күні: 01.01.1970 06:00
Құрылған күні: 09.11.2020 12:18

Текст