Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

«Ақмола облысы білім басқармасының  Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-сі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

  • Мектеп  директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары тұрақты жұмысқа орналасуға;

Негізгі функционалдық міндеттері:

3.1. Тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

3.2.  Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

  3.3. Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

  3.4. Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

  3.5. Тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

  3.6. Педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

 3.7. Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

  3.8. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

           3.9. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

 3.10.  Мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

 3.11. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

 3.12. Тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

           3.13.  Киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

  3.14.   Білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

 3.15. Кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;

 3.16.  Есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

 3.17. Ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;

 3.18. Мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

 3.19.   "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

  3.20.  Адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;

 3.21. Білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

3.22. Педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;

3.23. Білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;

3.24. Туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;

3.25.  Білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

3.26.  Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 131 000 теңгеден 220000 теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл және білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы тиіс.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға  «Ақмола облысы білім басқармасының  Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-сіне келесі құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, " Ақмола облысы білім басқармасының  Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-нің директорының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

         5)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариат немесе жұмыс орнынан кадр қызметі растайды.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер «Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-сі мектебінің қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-нің ресми сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күн ішінде «Ақмола облысы білім басқармасының  Ерейментау ауданы бойынша білім  бөлімі Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-нің сенбі және жексенбіден басқа күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін тапсырылуы тиіс.

Анықтама телефоны 2-17-91, электрондық мекенжайы bogenbay.mektep@mail.ru.

 
Жаңартылған күні: 22.12.2022 16:23
Құрылған күні: 22.12.2022 16:27

Текст