Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2025 жылдың 2-4 сәуір аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына (1941-1945жж) арналған облыстық жас тарихшылар мен өлкетанушылардың зерттеу жұмыстарының байқауы өтті.
«Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицей» КММ- нен бұл байқауға 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Ақпараттық буклет «Соғыс жаңғырығы» жобаны қорғау номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Қожахан Ерхан жобасын қорғап, жүлделі ІІІ орынға ие болып Ақмола облысы білім басқармасының дипломымен марапатталды.
«Соғыс ардагерлері» номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Қайыргельды Аянат байқауға белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Кеңес Одағының батыры, мерген Әлия Молдағұлованың (1925-1944) туғанына 100 жыл толуына орай жобаны қорғау номинациясы бойынша 7 сынып оқушысы Елубаева Айсауле байқауға белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
«Біз бұл күнді ешқашан ұмытпаймыз!» сурет салу номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Елубаева Нарима жүлделі ІІІ орынға ие болып, Ақмола облысы білім басқармасының дипломымен марапатталды.
Жүлдегерлерді дайындаған жетекшілері Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.