Ақмола облысында жаңа форматтағы 9 заманауи мектеп ашылды
2024–2025 оқу жылында Ақмола облысында білімберу саласында маңызды қадам жасалды — ұлттықжоба аясында «Келешек мектебі» форматындағы 9 жаңа білім ошағы өз жұмысын бастады.
Жаңа мектептердің екеуі Көкшетау қаласындасалынып, әрқайсысы 1500 оқушыға лайықталған. Қалған жеті мектеп Целиноград ауданындаорналасып, 9000-нан астам оқушыны қамтып отыр. Бұл — өңірдегі орын тапшылығын шешудің нақтынәтижесі: Целиноград ауданында бұл көрсеткіш 8 есеге, ал облыс орталығы Көкшетауда 1,5 есегедейін төмендеді.
Аталған білім ордалары заманауи талаптарға сай салынған, толық жабдықталған оқу кешендері. Олар ауылдық және қалалық мектептерге бірдей қойылатын жаңа стандарттарға сәйкес салынған. Оқу мекемелері озық техникамен жабдықталып, құрал-жабдық деңгейі бұрынғы көрсеткіштерден төрт есе жоғары. Ғимараттардың жалпы алаңы стандартты мектептерден 15–20 пайызға кеңірек, бұл балалар үшін барынша жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырады.
«Келешек мектептерде» заманауи пән кабинеттері, STEM зертханалары, кең кітапханалар, асханалар мен бірнеше спорт және акт залдарымен қамтамасыз етілген. Мысалы, 2000 оқушыға арналған Қоянды ауылындағы мектепте төрт бірдей спорт залы жұмыс істеп тұр. Бір ауысыммен құрылған оқу жүйесі оқушыларға түстен кейін үйірмелер мен спорт секцияларына еркін қатысуға мүмкіндік береді.
«Келешек мектебі» жобасы — болашаққа бағытталған зор инвестиция. Бұл — сапалы білім мен жан-жақты дамуға жасалған нақты қадам. Жаңа мектептердің ашылуы Ақмола облысының өскелең ұрпағына қолайлы жағдай жасап, елдің адами капиталының дамуына өз үлесін қосуда.
Ақмола өңірі білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуды табысты жалғастырып, тұрақты дамуға берік негіз қалыптастыруда.#келешекмектептері