Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.03.2017

Математикалық кеш «Логика қайда?»
Математикалық кештің мақсаты: - математикалық білімді насихаттау және пәнге қызығушылықты арттыру; - оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамыту, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін көтеру; - Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу - Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. - Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасты дамыту

Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! «Логика қайда?» деп аталатын математикалық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 1-жүргізуші:

Мінеки,залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Ғылымдардың ғылымы, Математика жайындағы, Кешімізді бастаймыз! 2- жүргізуші: Бүгінгі ойын төрінде, Математика елінде, Математика тілінде Есеп шешіп жарысып, Жұмбақ шешіп аңдысып, Шабыттасып шалқысып, Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық.

1- жүргізуші: Математика ғылымы – ермек емес балалық. 2- жүргізуші: Математика ғылымы-көрегендік даналық.  1- жүргізуші: Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу. 1- жүргізуші: Бүгінгі кеш бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші. Сайыс «Логика қайда?» 1-жүргізуші. Газетті қорғау 2-Жүргізуші:Сайыс «Көрермен» 1-жүргізуші.  «Пифогор теоремасы» шығу тарихы 2-ж:Уа, жарандар, жарандар! Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар Ғылымдардың ғылымы Математика жайында Сайысымызды бастаймыз. Математика ермек емес балалық, Математика – көрегендік даналық. Математика құрметтеуге лайық Кел достарым, мұны жақсы ұғайық! Үлгілі тәртіп жақсы оқу, Алға қойған мақсаты Әрқашанда мектепте, Шығып жүрген жақсы аты, Алғырларды ортаға шақырайық 1-ж: Жиналған ылғи дарындар, Жүрегі от боп жалындар. Білімділер тобын халайық Қол соғып қарсы алайық. Сайысқа қатысатын оқушылар орындарына келіп отырады. 2-ж: Шеберлікпен білімді, Сараптап сіздер көріңіздер. Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңіздер. 1-ж:Сайысымызды бастамас бұрын оқушылардың білімдерін әділ бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап алайық! 1.Жасарова А.Х 2.Тлеубаева Г.К 3.Шакирова Ж.Қ 2-ж: Кеш шашуы: Күй 1-ж: «Логика  қайда?»  атты ойнымызды бастайық. 2-ж: Сәлемдесу. / аты, ұраны, төс белгісі/  1 топ:Білімділер. Ұран: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!» 2 топ: Алғырлар Ұран: «Қандай сынақ болсадағы беріспе, Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске» 1-ж: Мықты болсаң жеңіп көр! Бүгінгі күн сайыста Сен ешкімнен қалыспа Біліміңді көрсетер Сұрақтарға жауап бер! 2-ж:Музыкалық үзіліс 1ж: «Бұл нені білдіреді?» Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі 1 топқа: 1.он екі рет байланған жіп Жауабы:Тік бұрышты үшбұрыш  2. суреттер /1000000,Ы.Алтынсариннің суреті,қазақ балаларының суреті Жауабы: миллион деген сөзді қазақ арасына енгізген Ы.Алтынсарин 2 топқа: 1.  Дөңгелек ыдыс,жіп,сызғыш. π саны, π=3,14... 2. Суреттер./100,өгіздің суреті,Пифогордың суреті Жауабы: Пифогор теоремасын бұрын «Жүз өгіз есебі» деп айтылды. 1 -ж: Көрермендермен ойын Мақал мәтелдер сайысы 2-ж:     «Дода» 1-ж: Музыкалық үзіліс 2-ж: «Логика қайда?» атты қабырға газеті сайысы. Әр топ өздері математиканың өмірдегі қолданысы туралы, маңызы туралы газет шығарады. Оны қорғайды. 1-ж:. Әділ қазылар есептеп болғанша Сатыбай Мирасқа сөз беріледі  «Пифогор теоремасының кейбір дәлелдемелері» 2-ж: Әділқазылар алқасына сөз береміз Мұғалім: Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектеспін. 

Просмотров: 1264

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст