Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік. Оқушылар ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін қолдана отырып, сөз есептерді, өрнектерді ықшамдау, амалдарды орындау есептерін шығару.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырмалар, карточкалар, слайд. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру III. Өткен сабақты қайталау IV. Дамыту кезеңі. Есептер шығару V. Инклюзивті оқушымен жұмыс VI. Сабақты қорытындылау VII. Үйге тапсырма беру VIII. Бағалау