Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Сан тізбегі |
Мектеп: «Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ | |||||||||||||||||
Күні:21.12 |
Мұғалімнің аты-жөні:Омарова Л.К | |||||||||||||||||
Сынып: 9 «а» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Геометриялық прогрессияеың алғашқы n мүшесінің қосындысына есептер шығару. | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
1.Геометриялық прогрессияның формулаларын біледі. 2. Есеп шығарғанда геометриялық прогрессияның формулаларын орынды қолдана біледі. | |||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Білу , түсіну,қолдану,анализ, синтез | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: - Геометриялық прогрессияның формулаларын, анықтамаларын біледі. Басым көпшілігі: - Есеп шығарғанда геометриялық прогрессияның формулаларын орынды қолдана біледі. Кейбір оқушылар: - Тарихи есептерді шығарғанда формулаларды қолдана біледі;
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Оқушылар: - Геометриялық прогрессияның формулаларын біледі; - Геометриялық прогрессияның анықтамаларын біледі; -Геометриялық және арифметикалық прогрессияның айырмашылығын көрсетеді; -Есеп шығарғанда геометриялық прогрессияның формулаларын орынды қолдана біледі ; - Тарихи есептерді шығарғандаберілген формулаларды қолдана біледі; | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: - арифметикалық прогрессия,геометриялық прогрессияларының анықтамаларын айтады; Пәнге қатысты лексика мен терминология - айырмасы; - еселік; - n-ші мүшесі; - n мүшелерінің қосындысы ;
| |||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» программасы бойынша. Топтық жұмыстар кезінде бір-бірінің жауабын мұқият тыңдап, айтылған пікірлерге құрмет көрсету, үш тілде сөйлеп үйрену және еңбек нарығындағы өзгерістерді шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін білімі мен тәжірибесін жинақтау. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Биология,тарих,физика | |||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Оқушылар келесі ұғымдарды біледі: Сан тізбегі; Сан тізбегінің берілу тәсілдері; Арифметикалық прогрессия; | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут
4 минут
5 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Сәлемдесу, сынып бөлмесінің дайындығын тексеру,оқушыларды түгендеу; ә) Үй тапсырмасының дайын,дайын еместігін сұрау/себебтерін анықтау/; б) Жағымды психологиялық жағдай тудыру.Сынып көңілді әуен ойнап тұрады. Оқушылар сыныпқа кіреді. «Шаттық шеңберін» құрды. Оқушылар бір –біріне тілек айтады. Орталарында тұрған столдан түрлі түсті қағаздарды бөліп алып,сондай түстегі столға барып топ құрып отырады.
II. №1.«Ертегі » ойыны, ситуациялық жағдай:
1.Тапсырма: Бір күні Алдар көсе келе жатса алдынан бай кездеседі.Байдың көзі Алдардың мінген жылқыға көзі түсіп сат дейді. Алдар оған сатпақшы болып 160 тенге сұрайды. Бай қымбатсынады. Онда Алдар олай болса сен менім жылқымның 6 шегеден тұратын тағаларын сатып ал дейді. Маған тағаның бірінші шегесіне ¼ теңге, екінші шегесіне ½ теңге, үшінші шегесіне 1 теңге ,төртінші шегесіне 2 теңге төле. Егер осы шертыма келіссең үстіне жылқымды жай берем дейді . Қуанып кеткен бай келіседі.Ол ойлайды бір он теңге беріп, жылқыны жай аламын деп. -Қандай ретпен төлем ақшасын орналастыруға болады? /бір оқушы жазады/ Сұрақ орындарында отырған оқушыларға: -Бұл нені білдіреді? /тізбек/ -Тізбек дегеніміз не? -Қалай берілді? /сөзбен/ -Тізбектің қандай түрлерін білесіңдер? /Арифметикалықипрогрессия, геометриялық прогрессия/ -Анықтамаларын кім тұжырымдап береді? -Қандай тізбек? /өспелі/ -Қалай өсіп келеді? -Неше таға,неше шеге? /4таға,24 шеге/ /Сабақтың тақырыбы айтылады/ -Бүгінгі сабақта өзіне қандай мақсат қояр едің? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылар өздері айтады. Мұғалімнің кері байланысы : “Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау.
№ІІІ .«Лото» ойыны /Өткенді қайталау/ Әр столға формулалар таратылады.Оқушылар оқиды жазылған карточкалар таратылады., бірігіп отыра жауап дайындайды. Мұғалім берген сұраққа, оқушылар А-3 қағазына жапсырып отырады.
Сұрақтар: Теориялық білімді еске түсіріп қайталау: 1. Арифметикалық прогрессия жалпы формуласы 2. Геометриялық прогрессия жалпы формуласы 3. Арифметикалық прогрессия айырмасы 4. Геометриялық прогрессия еселігі 5. Арифметикалық прогрессия п-ші мүшесінің формуласы 6. Геометриялық прогрессия п-ші мүшесенің формуласы 7.Арифметикалық орта 8.Геометириялықиорта 9. Арифметикалық прогрессия алғашқы п мүшелерінің қосындысының формуласы 10. Геометриялық прогрессия алғашқы п мүшелерінің қосындысының формуласы. Карточкалардағы формулалар:
1. an = a1 + ( n-1)d 2. bn = b1• qn-1 3. 4. 5.. 6. 7. d = an + 1 – an. 8.
Топтар қағаздарын жоғары көтеріп көрсетеді,қателерін өздері талдайды,түзетеді.Бірін-бірі бағалайды.
|
Түрлі-түсті қағаздар.
карточкалар | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут
7 минут
10 мин
5 мин
|
IҮ. Бекіту есептері: 1.«Миға шабуыл» жарыс есеп. Ертегіні аяқтау.Бай Алдаркөсеге қанша ақша берді./қай топ бірінші болады,сол топтың бір оқушысы тақтаға шығады/ 2. «Әр саладағы есептер» топқа әртүрлі есептер беріледі Мұғалімнің нұсқауы: топтарда есепті әр оқушы өзі түсініп оқып, көршісімен талдайды.Топ бірігіп отырып талқылайды. Әр топтың спикерлері флипчат арқылы есептің шығару жолын көрсетеді.
Қызыл топқа: «Биологиядағы прогрессия» Оқушы үзілісте қолын жумай бір бөлішке жеді.Кір қолынан дизенфекция бактериясы ішіне түсті. Бір бактерия қолайлы жағдайда бір минут ішінде екіге бөлінеді.Сонда оқушының ішінде 7 минутта 1 бактерия қаншаға көбееді? Жауабы: Бұл геометриялық прогрессия. в1=1,q=2, n=5
Көк топқа: «Прогрессия өмірде» Бағандар тұрғызылған , оның оның ең кішісінің ұзындығы 2 м, ал келесі бағандар бір-бірнен екі есе артық. Осылай орналасқан 5 бағанның ұзындығын қандай? Жауабы: /62 м/
Сары топқа:
Жасыл топқа: «Физикадағы прогрессия» Радиоактивті заттың массасы 256 г,оның салмағы күніне екі есе азаяды.Үшінші күні радиоактивтік заттың салмағы қандай болады? Жауабы: /64 г/ Сары топқа: «Тарихтағы прогрессия» Соғыста салдаттың әр жарақатына ақша төленеді деген жарлық шықты. Егер бірінші жарақатқа-1тиын,екінші жарақатына -2тиын, ал үшінші жарақатына 4 тиын төленсе,онда 655теңге 35 тиынды неше жарақатына алған болар еді? Жауабы:8 жарақат Сергіту сәті : Соңғы тапсырманы:«ЖИГСО » әдісі.Әр топтың А1, В1,С1,Д1 - №1тапсырма, А2, В2,С2,Д2 - №2тапсырма, А3, В3,С3,Д3 - №3тапсырма, А4, В4,С4,Д4 - №4тапсырма беріледі.Өздері орындарында отырып шығарады.2 минуттан кейін №1тапсырмалары бар оқушылар №1топ,ал №2 тапсырмалары бар оқушылар №2 топ т.с.с 4топқа бөлініп отырып шығарған есептерінің ең тиімді жолдарын қарастып,талқылап орындарына келіп әрқайсысы есептерін топтағы оқушыларға тиімді шығару жолдарын көрсетеді.
Топтар бір-бірін бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы. ”Шапалақ» әдісі арқылы 1-шапалақ – нашар; 2 шапалақ-орташа; 3 шапалақ-жақсы.
V. Бекіту кезеңі.
№3.«Әр деңгейдегі тапсырмалар» . Мұғалімнің нұсқауы: топтарда есепті әр оқушы өзі түсініп оқып, көршісімен талдайды.Топ бірігіп отырып талқылайды. Әр топтың спикерлері флипчат арқылы есептің шығару жолын көрсетеді.
Тапсырмалар: №1.Таблицаны толтыр:
№2. Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі 8-ге тең және n-ші мүшесі 648 –ге тең. Алғашқы n мүшесінің қосындысы 968-ге тең екенін ескеріп тізбектің еселегін табыңдар. Жауабы:3 №3. №438 (оқулық,105 бет) Жауабы: 10 Оқушылар өз-өздерін «Бағдаршам » әдісімен бағалайды. Қызыл-шығардым ,сары-кейбір жерінде қиналдым, жасыл-шығара алмадым. Бағалау тесті: ҮІ. «Жедел тест» Оқушылаға карточкалар таратылады/ 2 минут/
Дескриптор: -Тізбектерді номірлейді; - Еселігін табады; -Геометриялық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын есеп шығарғанда қолданады; - Геометриялық прогрессия алғашқы п мүшелерінің қосындысының формуласын орынды қолданады ; - Есептеп шығарады. Барлық нұсқалардың жауаптары «Б» Дұрыс жауап бойынша өз –өздерін бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы. «Бутерброд» әдісі.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. № 432 (3-6); №434 Ғаламтор сайттарынан қосымша материалдар алып, оқып-үйрену.
ҮІІІ.Оқушылар қысқаша деректері айтады. Қанатова Аружан «Тарихи мәліметтер» /презентация/
ІХ .Рефлексия. Бүгінгі сабақта қаншалықты білім алдың? Стратегия «Сенімді,сенімсіз,керемет».
|
Тапсырма жазылған үлестірме қағаздар.
Қызыл,сары,жасыл түсті қағаздар
| ||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексерді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздіктехникасын сақтау
|
| |||||||||||||||
|
Өзара бағалау, топтық бағалау. Өз-өзін бағалау. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығуы өткізіледі. |
| |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқумақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
| ||||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||
|
|