Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

01.02.2018

Сабақтың тақырыбы:  Абайдың табиғат лирикасы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: а) Абайдың табиғат лирикасын түсінеді, оның мән-мағынасына мән бере отырып талдау жасай алады,  әдебиетке  алып келген соны жаңалығын таниды; Дамытушылық: Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істей отырып, ғылыми ізденеді; Тәрбиелік: Оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін артады, әдемілікті түйсінеді, туған табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді; Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, табиғатты  бейнелейтін суреттер, тірек сызбалар, интербелсенді тақта Пәнаралық байланыс:  бейнелеу өнері, саз өнері, қазақ тілі Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру.  Ынтымақтастық атмосферасын құру және топқа бөлу:  оқушылар жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді алып, тілек айтады және осы суреттер арқылы топқа бөлінеді. Балалар,

біз бүгін қазақ әдебиетінің жүз жасаған бәйтерегі Жамбыл айтқан «Абай тереңіне» сүйсініп, тұңғиық сырларына үңілуге тырысамыз. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты да - Абай өлеңдерін оқи отырып, оның мән-мағынасына үңілу, оның шығармаларын жаңа қырынан тану, өзге ақындарға ұқсамайтын,  әдебиетке алып келген соны жаңалығын тани білу.  (2 минут ) Үй тапсырмасын тексеру:   Жаңа сабақты бастамас бұрын, біз Абай туралы, оның шығармашылығы жайлы не білеміз, соны еске түсірейік.  «Автор орындығы» (сұрақ-жауап және тірек-сызба әдістері арқылы Абай өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алу) №3 СЛАЙД Ә)  Бейнесұрақ (№5 слайд.Оқушылар жауабын қорытындылау. Интербелсенді тақтадан дұрыс жауаптарын көрсету (5минут) Жаңа сабақ:   Болжау арқылы.  Оқушылар назарын суретке аудару. Балалар, мына суреттерде біз не көріп тұрмыз? (Оқушылар жауабы тыңдалады). Осы суреттердегі ортақ нәрсе не?   Әрине, барлық суреттерде  табиғат бейнеленген. №6 слайд көрсету « Абай лирикасы»

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы (сабақ тақырыбын, ай мен күнді жазу)Рухани жаңғыру туралы (Интербелсенді тақта). Абай лирикасының тақырыбына тоқталу. Үш топқа «Табиғат лирикасы дегеніміз не?», «Абайдың табиғат лирикасы туралы не ойлайсыңдар?», «Табиғатқа байланысты шығарылған тұңғыш өлеңі  туралы не білесіңдер?» деген сұрақтар қою. Әр топ постер қорғайды. 1-топ. Табиғат лирикасы - лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жан-дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, суреттеуі арқылы танылатын өлең-жырлар. Т. л-ның алғашқы белгі, нышандарын фольклорлық поэзиядан байқауға болады. Өйткені қашанда адамзат табиғатпен етене жақын. Сондықтан айнала қоршаған орта және оның түрлі жаратылыс сырлары адамның назарын өзіне

аударған. Осындай жағдайда ақындар табиғатқа арнап лирикалық өлеңдер жазып отырған. Біреулер табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаса, енді бір акындар сол табиғат арқылы қоғамдық өмірді, адамның ішкі көңіл-күйін астасты- ра жырлаған. Т. л-н айтқанда, ұлы Абайды еске аламыз. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын там- сандырып келеді. Абайдан соңғы қазақ ақындары да (С.Сейфуллин, МЖцмабаев, I.Жансүгіров) Т. л-н көптеп жазды. Ал бүгінде табиғат туралы жазбаған ақындарды кез- дестіру қиын. Демек, Т. л. өзінің мәңгілік жырлана беретін тақырып екенін айғақтайды. 2-топ. Абайдың табиғат лирикасы - ақындық шеберлікпен жазылған сұлу, сырлы жырлар. Жыл мезгілдерін сипаттайтын өлеңдерінде оқушының көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған бәйшешек, "көгорай шалғын" мен "күркіреген өзені" бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда, ақ түтек бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қытымыр қыс та сонда, аспанын бұлт торлап, гүлі солған, сарғыш даласын шаң басқан, сұрғылт күз де сонда. Табиғат туралы әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тіршілік кәсібіне, шаруа жайына көшеді. "Жаз" өлеңінде күркіреп жатқан өзеннің көгорай шалғын жағасына көшіп барып, қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып, үй тіккен қыз-келіншектер суреттелсе, "Қыс" өлеңінде шидем мен тон қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға "бет қарауға шыдамай, сырт айналып",  мұз жастанған жылқышылар, бет-аузын үсік шалған жас балалар, суық өтіп, титығы құрыған жылқылар, айналада жортып жүрген аш қасқырлар көз алдымызға келеді. 3-топ. Абайдың бұл тақырыптағы тұңғыш өлеңі – «Жаз» (1886). Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше түрлі қызықты құбылыстар, бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігі суреттеледі. Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып, өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда. Өлеңде әзілдесіп, күлісіп үй тігіп жатқан қыз - келіншек, ат үстінде мал аралаған ауыл иелері, шешесін жағалап, қыңқылдаған жас балалар. (Оқушылар постер қорғайды). (5 минут)  Оқушыларға өлең үзінділері беріледі. Келесі топ бұл өлеңнің тақырыбын анықтайды.  Тақтадан ( №7слайд) көрсетіледі.Дәптерлеріне Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңдерін жазғызу. “Жаз” ”Күз” ”Қыс” ”Қансонарда бүркітші шығады аңға” ”Жазғытұры”  “Қараша, желтоқсан  мен сол бір екі ай”  ”Желсіз түнде жарық ай”.  (5 минут) Мұғалім: Оқулықпен жұмыс. Табиғат туралы өлеңдеріндегі Абайдың енгізген жаңалығы туралы не білеміз? Оқулыққа, қосымша материалдарға сүйене отырып жауап беріп көрейік. М.Әуезов  табиғат туралы өлеңдеріндегі Абайдың енгізген жаңалығын былай атап көрсеткен болатын: 1.     Табиғат көріністерін динамикалы түрде көрсетеді. «Қыс» өлеңі. Абайға дейін қазақ поэзиясында қысты тірі жанды, бейнелі етіп сипаттаған ешкім жоқ. «Қылышын сүйретіп қыс келді» деген жалғыз метафора болмаса, қысты адам етіп, оның ішінде шал етіп суреттеген ешкім жоқ.  Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген қшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Жансыз дүниені жанды етіп суреттеу қалай аталады? 2.      Абайға дейін тауды бейнелегенде

«бұлғыр-бұлғыр тау», «асқар-асқар таулар» деп жалпылап қана айтылатын.  «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде

тау  бейнесі жаңаша берілген. Оның әрбір

тасы, ой-қыры анық, дәл беріліп, тұтас оқиғаны көз алдымызға әкеледі. Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға... ... Бүркітші тау басында, қағушы ойда, Іздің бетін түзетіп аңдағанда. (3 минут) Мұғалім:   Өлеңдерін талдау.  (сыртқы, ішкі талдаулар қатар жүреді)

Сыртқы талдау

1-топ.  «Қансонарда бүркітші

шығады аңға» өлеңіне талдау жасау.

1.     

Өлең неге

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп аталады?

Бұл өлеңнің тақырыбы – аңшылық. Қансонарда аңға шыққан аңшылардың

іс –әрекеті,  жер тағысы мен көк

тағысының адам үшін күресі берілген.

2.     

«Біреуі –

көк, біреуі – жер тағысы» деп ақын нені айтады? Жер тағысы – түлкі, көк тағысы

– бүркіт.

3.     

Осы өлеңнен

ақынның аңшылыққа деген көзқарасың білуге бола ма?  Қай жерінен көрінеді?  Ақын аңшылыққа қызығушылықпен қарайды,

аңшылыққа шыққанда ойда ешқандай арам ой болмайтынын айтады. Оның  аңшылыққа деген көзқарасы мына өлең

жолдарынан көрінеді:

Таудан жиде тергендей ала берсе,

Бір жасайсың құмарың әр қанғанда.

Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,

Аң болады кеңесің құс салғанда.

Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген

Бір қызық ісім екен сұм жалғанда.

 Мұны

оқыса, жігіттер, аңшы оқысын,

Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң.

4.    Өлеңде кездесетін «Үйірімен үш тоғыз» деген тілек

сөздің    мағынасын қалай  түсінесің? 

«Үйірімен үш тоғыз» - бұл кәде түрі,ылғи олжалы бол деген мағынада

айтылады.

2-топ. «Күз» өлеңін талдау.

  1. Ақын күз көрінісін суреттеуде қандай айшықты
  2. суреттер қолданған?

Сұр бұлт, дымқыл тұман, жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

  1.  Ауыл тұрмысы қалай көрсетілген?
  2. Өлеңде кедей ауылының тұрмысы берілген. 
  3. Күзгі табиғат пен күзгі ауылдағы тіршілікті үйлестіре баяндайды.
  4. Мына өлең жолдарында  кедей ауылының
  5. тұрмысы шынайылықпен берілген:

Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,

Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.

  1. Көшпелі ауылдың тіршілігіне деген 
  2. ақын көзқарасы  қай шумақта
  3. көрінеді?

Ауылдың итіне дейін дала кезіп кезіп, безіп

кетуі арқылы Абай көшпелі тіршілікке лағнет айтқандай болады. Оны мына өлең

жолдарынын көруге болады:

              Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,

              Тұман болар, жел соқса,

шаң-тозаңы.

               От жақпаған үйінің сұры

қашып,

                Ыстан қорыққан қазақтың

құрысын заңы.

  1. Күз мезгілін өзің қалай суреттер едің?

3-топ.  «Жаз» өлеңі бойынша талдау

1.   

«Жаз»

өлеңі ақынның қандай көңіл-күйінен хабар береді? Өз ойыңды дәлелде. «Жаз»

өлеңінде ақынның көңіл—күйі жадыраңқы, жаңа қонған ауыл тіршілігіне сүйсініп

қарайды. Ақын

жайлаудағы ауыл өмірін суреттерде 

жарқын, ашық бояуларды қолданған.

2.   

Өлеңді

оқи отырып,  Абай заманындағы ауыл

бейнесін көз алдына қалай елестеттің?

Жаңа қонысқа қонған ауыл адамдарының көңілі жадыраңқы. Жайлауға

келіп, мәре-сәре болып жатқан ауылды көрдім. Бұралып үй тігіп жатқан

қыз-келіншектер, жаңа қонысқа көшіп, көңілі жайланған бай, кеңсіп қымыз ішіп

отырған ауыл адамдары – бәрі көз алдыма көшпелі ауыл өмірін әкелді.

3.   

Жаңа

қонысқа көшкен ауыл адамдарының көңіл күйін олардың іс-әрекеті арқылы  анықтауға болады ма?Дәлелде.

Өлеңде құлпырған көріністер мен шадыман көңіл күйі қызу

да әсем іс-қимылдар арқылы берілген. Жылтылдап, бұлтылдап, сыңқылдап, бұрқылдап,

аңқылдап, жарқылдап деген

ұйқастардың өзінен –адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі екені көрінеді.

·    

Өлеңнің

баяндауыштары  қалай   берілген? Баяндауыштары тиянақсыз түрде

берілген, менің ойымша бұл кейіпкерлердің үнемі қозғалыста екендігінт

көрсетеді.Өлең құрылысына теориялық  талдау. Плакатта өлең үзіндісі

беріледі,оқушылар талдайды.

Тақтада 2 оқушы

«Күз» өлеңінің 1-шумағын және «Қыс» өлеңінің

1 шумағына талдау

жасайды. Отырған оқушылар көмектеседі.

Көркемдеуіш

құралдарды табу

·    

Сұр бұлт\ түсі суық  \қаптайды аспан\,а

Күз

болып,\ дымқыл тұман\ жерді басқан.\а

Білмеймін\тойғаны ма,\ тоңғаны ма,\б

Жылқы ойнап,\ бие қашқан,\ тай жарысқан.\а

·       

Ақ киімді,

\денелі, \ақ сақалды,\а

Соқыр, \мылқау,\ танымас тірі жанды\а

Үсті-басы \ақ қырау,\ түсі суық,\б

Басқан жері\ сықырлап, \келіп қалды\а

6 шумақты, 24 тармақты, 11 буынды, 3

бунақты, қара өлең ұйқасы ( 10 минут)

Мұғалім: 

Абайдың табиғат лирикасы тақырыбына жазған сырлы өлеңдерінің бірі –

«Желсіз түнде жарық ай», бұл өлең Абайды сазгер ретінде танытқан өлеңдерінің

бірі. Осы әнді өзіміз айтып көрейікші.

 (№13слайд. «Желсіз түнде жарық ай»әнін айту).

(1минут)

Оқушыларға сұрақ. Ұлы ақын көңілі өз заманына толмайды,

заман адамына қарап қапа болады. Бірақ табиғатқа қарап көңілі жай тауып,

жадырағанын көреміз. Заман адамы бұзылғанмен, туған жердің бұзылмаған таза

кәусар ауасын біз де жұтып, тас бұлақтың суын ішкендей боламыз.  Қалай ойлайсыңдар, Ұлы ақынның көңілін

қазіргі заман  табиғаты, әсіресе туған

жерінің табиғаты  шабыттандыра алады ма?

Өз ойларыңды дәлелдеп көріңдер. (№14

слайдтан табиғат суреті көрсетіледі)  (2минут)

Қорытынды:

№ слайд. Суреттер

арқылы  Абай бейнесін жасау.

Теңіз – Абайдың ақылы,

білімі теңіздей терең.

Гүл – ақын сезімі гүлдей нәзік.

Тау – халық адамы, қайратты.

Жүрек – жүрек жылуын халқына арнаған

Жұлдыз – қазақ халқының жарық жұлдызды ақыны

Күн – күн сәулесі іспетті әлем таныған ақын.

Ай – қараңғыда жол көрсететін көшбасшы, данышпан

(1минут)

Сабақты бағалау.

Үй тапсырмасы. Абайдың табиғат лирикасы. «Жаз» жаттау.  ( 1минут)

Мұғалім:  Абайдың  «өлең сөздің шебері» екеніне көз жеткіздік,

енді ақынды басқа қырынан тануға тырысайық. Абайдың табиғат лирикасы тақырыбына

жазған сырлы өлеңдерінің бірі – «Желсіз түнде жарық ай», бұл өлең Абайды сазгер

ретінде танытқан өлеңдерінің бірі. Абайдың  «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін

оқығанда жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға елестетеміз. Бұл өленде Абай нені

айқын өрнектеп бейнелеген? Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат!

Желсіз тынық жылы түн. Айнала жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай сәулесін

шашып, бүкілдалаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін

көгілдір-сары  алтын түске бөлеп, діріл қағады. Ағаш жапырағы

өздерімен-өздері сыбдырласып, түннің тыныштығына құлақ салғандай.  Жер беті ерекше сұлулыққа бөленгендей. Осы әнді

өзіміз айтып көрейікші

 (№13слайд. «Желсіз түнде жарық ай»әнін айту).

 

Просмотров: 6742

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст