Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата –аналарға қашықтықтан оқыту кезеңінде өз балаларының өмірі мен денсаулығы жауапкершілігі бойынша қауіпсіздік техникасы нұсқаулық

13.12.2020

Құрметті ата-аналар (заңды өкілдер)!

Коронавирустық  инфекция пандемиясы және қашықтықтан  оқыту  кезеңінде  Сіздің балаларыңыз  ересектер тарапынан тиісті бақылаусыз өткізетін уақыт мөлшерін көбейтеді, бұл балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі, құқық бұзушылық жасауы мүмкін. Жазатайым оқиғалар мен құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау үшін ата-аналарға:

1.Коронавирустық пандемияға байланысты балалармен жеке әңгімелер өткізіп, үйде, қоғамдық орындарда жеке гигиена ережелерін сақтаудың маңыздылығы  денсаулық пен өмірді сақтауға көмектесетінін  түсіндіру.

2. Қоғамдық орындарға барған кезде коронавирустың алдын-алу ережелерін сақтау өте маңызды. Бұл әсіресе көп адам жиналатын орындарға қатысты. Бұл орындарға тіркелген маршруттық  такси, дүкендер, гипермаркеттер, кинотеатрлар  және т.б. Мұндай  жерлерде міндетті түрде  медициналық маскасын  кию керек. Санитариялық нормалар мен ережелерді  бұзған  үшін   ӘҚБтК– нің 425-бабы , 30 АЕК айыппұл   салынады.

3.Баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз. Есіңізде болсын, түнде (сағат 23-тен  07-ге дейін) 442-бап. 1.2 бөлімі негізінде  кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан  тыс  жерде  болуына  тыйым  салынады   

4. Балаңыздың  қайда  және  кіммен  екенін үнемі  біліп , бақылап  отырыңыз.

5. Балаларға  не  болғанына  қарамай, оқиға  туралы  Сіз  білуіңіз  керек  деп  сендіріңіз. Балаларға  кейбір  фактілерді  ешқашан  жасыруға  болмайтынын  түсіндіріңіз, тіпті  егер  олар  оларды құпия  ұстауға  уәде  берсе  де.                                     

6. Балаларға  отты  абайсыз қолдану салдарынан өрттің пайда  болу мүмкіндігіне  назарын  аударыңыз.                                                                                                          

7.Балаларға  жүріс-тұрыс ережелері мен  жол  жүру  ережелерін  сақтау  туралы  үнемі ескертіңіз. Жолда  дұрыс жүріп  абай  болсын, әсіресе  кешкі мезгіл.           

8.Балаларға  алкогольдік ішімдіктер мен темекі шегудің зияны туралы үнемі ескертіп отырыңыз.                                                                                                                                9. Балаларға суда болу қауіптілігі туралы үнемі ескертіңіз.                                 

10.Балаларды Интернеттегі қажетсіз және кейде қауіпті ақпараттан, сондай-ақ Интернетке тәуелділіктен қорғау үшін ата-аналық бақылау функциясын компьютерге орнатыңыз. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау - үлкендердің басты міндеті.

Сіздің балаларыңыздың бос уақыты көлеңкеде қалмас үшін бәрін жасаңыз.              

Просмотров: 238


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст