Түсінік хат
Ата-бабаларымыз қызы мен ұлына өнердің түрлерін үйретіп, сегіз қырлы, бір сырлы болуға баулыған. «Ата көрген - оқ жанар, ана көрген - тон пішер» деген аталы сөзді бала бойына сіңіре білген. Әсіресе, қыз балаға ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, үсақ моншақтардан бұйымдар жасау, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларға таспа бау жасау, өрім өру, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлеріде сан алуан. Осы күнде бұйымдарды бисерден жасау немесе безендіру сәнге айналған. Сол себепті, заман талабына сай моншақ тоқуды үйрету мақсатында өз іс-тәжірибемді және оқушымның шығармашылық жұмыстарын ұсынғанды жөн көрдім. Оқушының қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалану қажет. Шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Ұсынылған сабақ жоспарының үлгісі технология сабағына бағытталған.Мұнда негізгі материал тиісті сабақта қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда,осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Қорыта
айтқанда,қазіргі кезде қоғам дарынды,қабілетті адамдарды қажет етеді.Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу,өзіне-өзі сенімді,жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет деп ойлаймын.
9 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға моншақ,бисер туралы түсінік беріп,заман талабына сай бұйымдар тоқу технологиясын меңгеру. 2.Дамытушылық: Моншақпен жұмыс істеуді басқа өнерімен байланыстыра отырып ойлау, қабылдау,салыстыра білу қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік: Сұлулық пен әсемділікке,талғампаздық пен шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ,сарамандық жұмыс. Сабақ өткізу әдістері: а)
түсіндіру-иллюстрациялық (әңгімелесу, дидактикалық материалмен жұмыс, көрнекілік); ә) жеке іздестірушілік; б) нұсқама, сарамандық жұмыс, өздігінен орындалатын жұмыс. Оқу құралдары: а) пәндік-табиғи объектілер, көрнекті құралдар;көрме жұмысы, жасалған бұйымдар, сызбалар, технологиялық карталар, слайд. Сабақтың пәндерімен байланысы: математика,сурет,тарих. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесемін; Оқушыларды түгендеймін; Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу; Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару; Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталай отырып,оқушыларға тақырып бойынша сүрақтар қою. Сабақтың барысы «Тренинг сен қайдасың?» қызыл, жасыл моншақ болып топқа бөлу. I.Қызығушылығын ояту: Дәптерге күннің жадын жазу.Тақырып:Бисермен жұмыс. Сабақтың ұраны:»Алғыр еңбек терең ой,нағыз досың ойлап қой» Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру. «Бисер»талдау-жинақтау.Ассоциация. Бисерді
қайда қолдануға болады? Көрмеге саяхат «Моншақтар әлемі» II.Мағынаны тану: Барлық қолөнер сияқты бисердің де өз тарихы бар. Ертеде Фин саудагерлері Жерорте теңізі арқылы Африкаға табиғи тұз апара жатып, жолда теңіз жағасына түнеген екен. Олар түнде от жағып, тамақ дайындап, отты үлкен ас содасымен қоршап ұйықтайды. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым
көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Бұл байлықты , соның ішінде бисерді дүние жүзінде барлық елдер мәдениетінде көруге болады. Біздің қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік, сырға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарында да кездескен. Бисерді әр халық өзінше атаған. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған. Бисер сөзі Араб сөзі «бусра» сөзінен шыққан. Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше түрге және түстерге бөлінеді. Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см. Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды. Стеклярус- ұзын таяқшалар, домалақ және көп қырлы. Рубка- қысқа таяқшалар. Шығармашылық жобаны таңдау. Бүгінгі сабақтың мақсаты - шығармашылық жобада бұйымды таңдай білуге үйрену және бисермен тоқу техникасын жетілдіру. Жұмысты шығармашылықты түрде ұйымдастыру үшін сынып шағын топтарға бөлінеді, әрбір топ жұмыстың өздеріне бөлінген кезеңін атқарады,
әрбібір топтың өз жұмыс орны, қажетті құралдары болады және мұғалімнің кеңесін ала алады. I-топ»Қызыл
моншақ» II-топ»Жасыл моншақ» Жоба бойынша жұмыс. «Керемет алқа тоқу» Жобаның көкейтестілігі. 2 топ жобаны жіктеу мен талқылау барысында іс-әрекеттер жоспары жасалады, проблемаға талдау жүргізіледі. Қазір қолда не барын және нені істеу керек? Деген сұрақ төңірегінде пікір алмасады. (Жұмыс барысында мұғалім мақсат коюға көмектеседі, жұмысқа түзету енгізеді). Зерттеу. Жоба нұсқалары суреттермен, сұлбалармен, қысқаша сипатталармен қатар беріледі. Тақырып бойынша ақпарат жиналып, талқыланады. Бірлесіп талқыланғаннан кейін негізгі нұсқаны таңдап алады. Мұғалім іс-әрекеттер жоспарын жасауға көмектеседі. Жобаны дайындаудың технологиялық картасын құрастырады, құрал –саймандар,(сым,қайшы,моншақ.композиция ,т.б)материалдар іріктеліп алынады. Оқушылар көрсетілген дайын жобаларға талдау жасайды, болашақ бұйымға қажетті заттардың тізімін құрастырады. Жоба тақырыбын таңдап алуды негіздеу, идеяларды дайындау мен үздіктерін таңдап алу. Оқушылар мұғаліммен бірге алға қойылған мәселелерді талқылайды. Өз жобалары үшін қажетті ақпаратты
іріктеп алады. Техниканың қауіпсіздік ережесі: 1. Моншақтарды араластырма. 2. Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшада ұстаған жөн. 3.Инемен,қайшымен жұмыс кензінде қауіпсіздік ережені сақта. 4. Жұмыс орныңды таза ұста. Керекті құрал – жабдықтар: • Бисер түрлері; •қайшы; жіп; .фарнитуралар(түйреуіш,т..б) Сарамандық жұмыс 1. Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек; 2. Жұмыс киімін кию; 3. Құралдарды тексеру; 4.Керемет алқаның эскизі. 4. Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді алып дайындаймыз; 5. Инеге сабақталған жіпті аламыз; 6. Инедегі сабақталған жіптің бір шетін түйіндеп, екінші шетінен бисер өткіземіз; 7. Бір шетінен бастап бисерлерді 1-2-3 түйірден бастап тоқимыз, ара қашықтығы 1-1,5 см болу керек; Бисермен әшекей бұйымдарды тоқудың әдістері: паралель тоқу, тігінен тоқу, айналдыра тоқу.Алқаны жасау
үшін керекті құрал - жабдықтар мен материалдар: жұмыс қорабы, қызыл, көгілдір, ақ бисер, жіп, қайшы.Бұл алқа қызыл, көк, ақ бисерлерден жасалған сондықтан бисердің осындай түстерін таңдады.Бір шетінен құлып бекітуге және оны бұйымға қосып өруге ұзынды- ғы 20-25см жіп қалдырылады.Әшекейдің өру тәсілі 3-ші суретте көрсетілген. Бұйымның ортасында 4 бисердің сұлбада көрсетілгендей етіп 5 бисер теріле ді. Бұл алқаның мойынды дөңгеленіп орап жатуын қамтамасыз етеді.Алқа- ның негізгі торы дайын болғаннан соң бірінші шашақ қатарын сұлбада көрсетілгендей етіп тереді.Содан кейін шашақтың екінші және үшінші қатарын сұлбада көрсетілгендей
етіп суреттегі түстердің бір біріне ауысуын ескере отырып, моншақтын түстеріне қарай алқаны тоқиды.
Сергіту сәті.
Көзімізді демалтамыз Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау. 3 мин.Көзді алақанмен жауып тұру.1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет көзді жыпылықтату, 2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет көзді жыпылықтату, 3 жаттығу “жылан” және керісінше, 3 рет. Нәтижелер мен қорытындылар: Оқушылар дайындаудың оңтайлы технологияларын таңдап алып, болашақ жобалардың эскиздерін көрсетеді, жиналған ақпаратты нақтылайды,талдайды, қорытындылар жасайды. (Барлық жұмыс мұғалімнің бақылауымен жүргізіледі.) Жоба таңдағанда қойылатын талаптар. 1.Таңдаған заттың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы керек. 2.Таңдаған зат сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? Осының барлығын ойластыру керек. 3.Таңдаған жобаның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек. Жұмыс орындарын жинастыру. Жаңа материалды бекіту: Жоба жазу, дайын жұмысты сәндеу , жобаны қорғауға дайындау. Ой толғаныс: Бисер дегеніміз не? (ұсақ
моншақтар).Бисердің қандай түрлері болады? (стеклярус, моншақ).Бисерден стеклярустың айырмашылығы неде? (ол ұзындығы 3мм түтікше тәріздес болып келеді).Шығармашылық жоба дегеніміз не? Оқушы жұмысының нәтижесіне қарай бағалау. · Жасалған бұйымдарды қабылдап, оқушылардың еңбегін бағалау · Жіберілген
қателіктерді қайта түсіндіріп, оны іс жүзінде көрсету · Жақсы жасалған жұмыстарды атап көрсету · «Инсерт»
арқылы қызыл түсті фишка- «5»,жасыл түсті- «4»бағалау. Үй тапсырмасы: жұмысты үйден аяқтап келу Осымен біздің бисерден бұйымдар жасауға арналған сабағымыз аяқталды, сіздерге қызықты және ұнады деп ойлаймын. Сау болыңыздар.