МПҚ-ң мақсаты: Оқу үрдісі барысында оқушыларға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау.
МПҚ-ң міндеттері: - Оқу-тәрбие барысында тұлғаның дамуын қалыптастыру. - Оқушының әрбір жас аралығында тұлғааралық, интеллектуалды және профессионалды дамуын қамтамасыз ету; - Оқушының интеллектуалды және тұлғалық дамуының ауытқуын психологиялық-педагогикалық зерттеу, профилактикалық және коррекциялық жұмыс жүргізу; - Балаларды тәрбиелеудегі туатын қиыншылықтар және отбасындағы микроклиматты жақсарту бойынша ата-аналарға кеңес беру; - 1-ші, 5-ші және 10-шы сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау және түзету жұмыстарын жүргізу;
МПҚ-ң жұмыс бағыттары:
1. Психологиялық диагностика Мақсаты: тұлға және тұлғааралық қарым қатынастың дара және жас ерекшелiктерiнiң зерттеу.
2. Барлық түзету жұмыстары Мақсаты: мектеп оқушыларының жеке дамуындағы психологиялық ауытқушылықтарды жою, жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру.
3. Психологиялық бiлiм беру және алдын-алу Мақсаты: Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.
4. Психологиялық кеңес Мақсаты: педагогикалық үрдісте пайда болатын мәселелерді шешуді қарастыру.