Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.02.2017

Тақырыбы: «МАТЕМАТИКА» мейрамханасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың программа бойынша өтілген білімдерін жинақтау; Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,пәнге қызығушылықтарын арттыру; Тәрбиелік: Жылдам ойлап ,тез қорытуға,жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға баулу,достыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: топтық сайыс. Көрнекілігі:  Математика  туралы нақыл сөздер,ас мәзірі жазылған парақшалар,тапсырмалар бар карточкалар, интербелсенді тақта. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптан үш даяшы сайланады, қалған оқушылар  үш топқа бөлінеді.  ІІ. Даяшылардың дайындығын тексеру: Сұрақтар: 1.Ең кіші екі орынды санды ата 2. Егер әтеш бір аяғымен тұрғанда 3кг болса,ал ол екі аяғымен тұрғанда салмағы қандай болар еді?  (3кг) 3.Одан алған сайын,ол үлкейе түседі,ол не? (Ор) 4.5 жұмыртқа 5 минутта піседі, ал 1 жұмыртқа неше секунтта  піседі? (300 с) 5.Ең үлкен екі орынды санды ата  (99) 6.Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама. (кітап) ІІІ.Даяшылар: Саламатсыздер ме, меймандар, Көздеріңде жалын бар. Математикалық сайысты Асып-әсте саспай-ақ Сәт-сапар тілеп бәріңе Қане енді бастайық. Даяшылар үш столға  «Ас мәзірін» таратады,тапсырмаларын апарып тұрады. Дұрыс жауаптардың ұпайы-ас мәзірінде жазылғандай. 1. Ыстық ас:

А) Толымсыз квадрат теңдеуін шеш: 5х2 + 5х=0   -----100тг               (0;-1)

Б)Толымсыз квадрат теңдеуді шеш: (2у-1)2=10-4у-------120тг              (1,5;-1,5)

В)Теңдеуді шеш:                                  х2-1,6х-0,36=0----140тг                (3,4;-1,8)

 2.Қою ас: А) Палауға қосылған көңілді сұрақтар: Әр сұрақ 10тг  (әр столға 5 сұрақтан) 1. Мэридің әкесінің бес қызы бар: 1. Чача  2. Чече  3. Чичи 4. Чочо.    5.?                                                       

2. 550 жылдық тарихы бар хандық?                                           (Қазақ хандығы)

3. 7 санына байланысты : 7-қазына және 7 күнді ата (ер жігіт, сұлу әйел,    берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйріктазы);.                      ( бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күні, соңғы күні)

4. 5 санына қатысты « 5 қару», «5 қатер»  сөз дерінің мағынасын түсіндір. (Садақ. Мылтық. Найза. Қылыш. Айбалта)         (От. Жау. Борыш. Ауру. Сөз)

5. Қазақстан халықтарының Ассемблеясына биыл неше жыл толды?          (20)

6. 4 құраушысы4 санына байланысты «Әлемнің» , « Төрт ана» мағынасын түсіндір. ( От. Су. Жел. Жер) (Туған жер, туған тіл, Салт – дәстүр, туған тарих)

7. Тілдер күні мерекесі қашан?          ( 22 қыркүйек)

8. Бөлінгіштерінің саны екіден кем болмайтын сан қандай сан деп аталады?  (құрама)

9. Үш санына қатысты «Үш алыс» және «Үш бақыт» деген сөздердің мағынасын түіндір. (ҮШ АЛЫС – жер мен көк, алыс пен жақын, жақсы мен жаман ҮШ БАҚЫТ -Халық, Тіл, Отан.  )

10. Ұлттық валюта қашан қабылданды?                            ( 1993 жылы, 15 қараша)

11. Квартетте неше әнші бар ?        ( 4)

12. 16. Алмат мектепке 1,5 сағатта жетеді, бірақ кері үйіне асыға барса да 90 минутта әзер жетеді. Айырмашылығын түсіндір.             (айырмашылық жоқ)

13. Атасы, әжесі, немересі, иті, мысығы және тышқаны шалқанды тартып, тартып әзер тартып алып шықты. Сонда шалқанға неше көз қарады ?        (12)

14.  Екі санның қосындысы 8-ге, көбейтіндісі 15-ке, айырмасы 2- ге тең. Бұл сандарды көрсет.      (5;3)

15. Біздің мемлекетіміздің аты неше әріптен құралған?                                 (9)   

  3.  Амалдар қосылған венигрет салаты:                  Құны 100 теңгеден

1. Көбейту, қосу, бөлу амалдарды қолданып, теңдігін дәлелде   333333 = 100  (33 * 3 + 3:3 = 100)

2.Амалдарды қолданып  666 = 30 теңдігін дәлелде               ( 6*6-6 = 36-6=30)

3. Әжесі мен немересінің жастарын қосқанда 65 жыл. Немересіне неше ай болса, әжесіне сонша жас болады. Әжесі нешеге толды? Немересі нешеге толды?                                                                  (немересі 5 жаста, әжесі 60 жаста)

4.Дәмді десерттер: (әр топ үйде дайындап әкеледі) Тарихи мәліметтер  (қонақтардың ойы) ---------------------1000тг

5.Мейрамхананың тартуы: Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылуға арналған есеп:

6. Қорытынды: Даяшылар меймандарымен есеп айырысады, жеңімпаз топ анықталады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Ә.Н.Шыныбеков 8 сынып Алматы,2004ж

2. «Математика Қазақстан мектебінде» №4 (58),2015ж

3.Әлімбай Т.Р.Халық есептері Алматы,Рауан,1996ж,т.

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст