Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.02.2017

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді. Олардың

жақтастары:

-                   Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;

-                   зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;

-                   мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;

-                    мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;

-                    дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын

адамдарға төзімсіздік танытады;

-                    заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;

-                    заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.)орындаудан бас тартады;

-                   медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады; білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст