Оқушылар 2017 жылдың 3 наурызында «Болашағым бүгіннен басталады» тақырыбында «Ең үздік әнші» атты байқауы 1-8 сынып оқушылар аралығында өтеді. Шығармашылық байқаудың ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты: жасөспірімдер мен дарынды балаларды анықтау және шығармашылық, рухани, білімділік, интелектуалдық деңгейлерін көтеру мақсатында «Ең үздік әнші» атты балалар шығармашылық байқауы өтеді.
Байқаудың өткізу шарты
Байқауға «Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі»КММ 1-8 сынып оқушылары аралығында қатыса алады.
Байқауға қатысушы үміткерлер өз өтініштерін 2017 жылдың наурыз айының 1 дейін тапсыру тиіс.
Эстрадалық вокал
Байқау жеке орындаушылар арасында өтеді.
Үміткерлер екі әннен орындайды. 1. Патриоттық ән 2. Өз таңдауы бойынша.
Орындау уақыты 3,5 мин тен асырмауы керек.
Үміткерлердің орындау шеберлігін бағалау критерилері 1.Орындау шеберлігі. 2.Сахналық костюм. 3.Сахналық мәдениет.
Өткізу уақыты «Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ 2017 жылдың наурыз айының 3 күні өткізіледі.