Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінде 2016-2017 оқу жылының 2-13 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзін-өзі тану» пәнінің «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыбында онкүндік ұйымдастырылды. Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, пән мұғалімдерінің өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау. 2 ақпан күні онкүндіктің жоспары жасақталып, тәлім сәтінде мектеп ұжымы мен оқушыларына таныстырылды. «Мейірім төгетін ана» тақырыбына кітапханашы Ш.Молдабаева көрме ұйымдастырды. Бастауыш сынып мұғалімдері А.Мұсабекова «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» атты ата-аналармен бірге сайыс, Д.Хамзина «Жүректі жылытар мейірімділік» атты ашық тәрбие сағатын, З.Абдина «Жылы жүрек-жақсы тілек» тақырыбында ашық сабақ, К.Султаналина «Жүректен-жүрекке» тренингін, М.Ербатырова 1-4 сынып оқушыларының «Мен бақытты баламын» тақырыпта салған суреттерінен көрме, С.Базарханова «Мейірімді жүрек – жылы тілек» топтық тренинг өткізді. 13 ақпан «Ана», «Бейбітшілік», «Достық», «Мейірімділік» тақырыбында технология пәнінің мұғалімі А.Байженова сурет және қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Мектеп педагог-психологы Е.Зинал баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,
жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында «Мейірімділік асыл қасиет» тақырыбында 5 «А» сыныбымен психологиялық тренинг, 9
«А» сыныбымен «Өнеге-отбасынан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Апталықта жоспарланған іс-шараның барлығы өткізілді.
Сабақ барысында мұғалімдер қосымша материалдар, слайдтар қолданып, сабақтар өте жақсы дәрежеде өтті. Барлық мұғалімдер жаңа технологияның бар мүмкіншілігін молынан пайдаланды. Мұғалімдер де, оқушылар да апталық барысында белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады.