Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

28.02.2017

«Брейн-ринг» интеллектуалдық сыныптан тыс шарасының жоспары 
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.  Дамытушылық:логикалық ойлау қабілеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.  Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.  Көрнекілігі:  интерактивті тақта, ноутбук, тапсырмалар, слайдтар.  Түрі: Топтық сайыс сағаты.  Типі: Ойын түрінде.  Қатысатын сыныптар: 8 сыныптардан құрылған топтар.  Жоспары: 1. Үй тапсырмасы. Әр топтан бір оқушы шығып, тапсырма таңдап алады. Тапсырма Паскаль АВС бағдарламасында программа жазу. 2. Блиц сұрақтар: сұрақ оқылады. Сұраққа қай топ тез жауап берсе сол топқа 1 ұпай беріледі. 3.  Жарнама жасау. Ағылшын тілінде видеоролик көрсетіледі. Топтар ақылдасып осы видеоны информатика пәніне қатыстырып жарнама жасауы керек. 4. Капитандар сайысы. Ондық санау жүйелері 5. Әлеуметтік желі

туралы не білеміз? Тарихы, шығу себебі. Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Брейн-ринг» ойынына қош келдіңіздер. 

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Информатика сырлары, 
Қызықтырды біздерді. 
Ойынға бірге қатысуға, 
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен тапқырлығына  баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. 

Жарысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:  Мектебіміздің шәкірттерді тәрбиелеуде тәжірибесімен үлгі болар ұстаздары – 
Ендеше ойынымызды бастайық. бірінші орындалатын тапсырма «Үй тапсырмасы». Әр топтан бір оқушы шығып тапсырма таңдап алсын. тапсырма орындауға уақыт беріледі.  Топтар жұмыстарын көрсетеді. Бұл тапсырманың дұрыс немесе бұрыстығы бағаланады. Дұрыс

жауапқа 1 ұпай. Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз. 

ІІ. Блиц сұрақтар (логикалық сұрақтар беріледі). 1 дұрыс жауапқа – 1ұпай
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)  2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)  4. Қай айда 28 күн бар. / барлық айда/ 5. теңдеуді шешудің мақсаты не?  /жауабын табу/ 6.  Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).  7. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)  8. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)  9. Ақпараттық процестерді атаңыз. (сақтау, өңдеу, жеткізу).  10. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).  11. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)  12. Пернетақтаның неше пернесі бар? (104 пернесі бар)  13. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)  14. Компьютердің миы. (процессор)  15. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)  16. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас (Интерфейс)  17. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)  18. машина тауға шыққанда қай дөңгелегі қозғалмайды

Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан ІІ-сайыстың қорытындысын сұраймыз.  Әзірше ІІ турдың нәжижесі бойынша 

ІІІ. «Жарнама жасау». Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсетіледі. Әр топ бейнероликты компьютерге, информатикаға қатысты

етіп жарнамалауы қажет. Тартымды болған жарнамаға 1 ұпай беріледі. Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан ІIІ-сайыстың қорытындысын сұраймыз. Әзірше ІІІ сайыстың нәжижесі бойынша  IV. Капитандар сайысы. Ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыруға арналған есептер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.  Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан ІV-сайыстың қорытындысын сұраймыз. 
Әзірше ІV турдың нәжижесі бойынша  V. «Әлеуметтік желілер» біздің өмірімізде алатын орыны. Шығу тарихы, күнделікті қолданылуы, пайдасы мен зияны. Өз ойларын толық, нақты жеткізген топқа 1 ұпай беріледі. Жүргізуші: Ойынды қорытындылау. Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады. Жеңімпаз команда және ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.  Жарысқа дайындалып қатысқан 8«а» және 8 «ә» сыныптар оқушыларына, кешімізге қатысқан оқушыларға, ұстаздарға көп-көп рахмет!

Просмотров: 794


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст