Текст
« Мейірім төгетін ана » атты кітап көрмесіне қойылған кітаптарды таныстыру-әңгімесін жүргізу арқылы Назарбаева Сара Алпысқызының мейірімділік, кішіпейілділік, әдептілік, қайырымдылыққа арнап жасалып жатқан еңбектеріне тоқталып оқушыларға түсіндірілді. Осы адамгершілікке арқау рухани азығымыз – кітап. Кітаптан оқып үйренгеніміз арқылы рухани есеюге бет бұрамыз. Адамның өмірде жақсы мен жаманды ажырата алуына, жақсы адам болуына, өзін-өзі тәрбиеленуіне, өмірден өз орындарын табуға көмектесетін де осы кітап екенін оқушыларға мектеп кітапханасында ұйымдастырылған кітап көрмесі арқылы түсіндірілді. Кітап көрмесімен 1-11 сыныптар және мектеп ұстаздары таныстырылды