«Мейірлі күн» іс-шарасы
Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебіндегі «Мейірлі күн» іс-шарасы өтті. Ақпан айының жетінші жұлдызында мектеп психологы Зинал Еркегүл «Мейірлі күн» атты іс-шарасын өткізді. Іс-шара мақсаты: оқушылардың, ұстаздардың, ата-аналардың, ұжымның жалпы эмоционалдық жағдайларын, жалпы көңіл-күй жағдайын түстер арқылы анықтау және мектеп ұжымын топтастыру. «Көңіл-күй айнасы» іс-шарасы өткізілді. «Көңіл-күй айнасы» іс-шарасына барлығы - 430 адам қатысты. Іс-шараны өткізу барысында ұжымның қарым-қатынасы жақсы екендігі іс-шараны өте қуанышты көңіл-күйде қызығушылықпен оқушыларда, ата-аналарда, мұғалімдерде жақсы тілектерін жазып, белсенді түрде қатысты. Жұмыс күнінің басы «Көңіл-күй кемпірқосағы»-мен басталды. Ұстаздарға, ата-аналарға, оқушыларға жұмыс күнінің басы мен аяғында өз көңіл күйлерін белгілеулерін сұрадық. Мектептегі салыстырмалы эмоционалды көңіл-күйлері төмендегідей болды: Жұмыс күнінің басында: -қуанышты көңіл-күй – 274 адамда (64%) - жағымды көңіл-күй – 101 адам (24%) - сабырлы – 38 адам (9%) - көңілсіз – 17 адам(3%) Жұмыс күнінің соңында: -қуанышты көңіл-күй – 260 адам (60%) -жағымды көңіл-күй – 142 адам (32%) - сабырлы– 33 адам (7%) - көңілсіз – 7 адам (1%) Сонымен қатар сол күні «Ізгі тілектер ағашына» оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар мектепке, достарына, ұстаздарына деген өздерінің ізгі тілектерін жазды. Іс-шара мектебімізде өте жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады.