2017 жылдың 13 наурыз күні мектебімізде кезекті линейка ерекше өтті. Аудан әкімінің орынбасары Альжанов А.Е пен аудандық білім бөлімінің басшысы Абжиков М.Е .мектебіміздің мақтанышы, енді ел мақтанышы болған Габбасов Ерханды Түркияның Анталия қаласында 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Европа кубогінде қола медаль жүлдегері болуымен құттықтап, Ерейментау әкімі мен аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапаттап, ноутбук сыйға тартты, аудан әкімінен iPhone телефонының берілгенін айтты. Мектеп директоры Сарсенбаева Г.Б құттықтап, сыйлыққа сувенир табыстады.Жалпы Ерхан 1 сыныптан бастап Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінде оқиды. Спорт мектебіне 2 сыныпта оқып жүргенде барды. Алғашқы жаттықтырушысы Блялов Қ.Ж . 4
сыныптан бастап осы күнге дейін жаттықтырып жүрген жаттықтырушы Жуманиязов Бекболат. Осы 8 жылда Ерхан аудан, облыс көлемінде көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Германиядағы, Россиядағы 1999-2001 жылғы жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Европа кубогінде қатысушы болды. Анталия қаласында болатын жарысқа дайындық 19.02-01.03 аралығында Алматы қаласында өтті. Анталияда жарысқа Қазақстаннан 37
ер бала, 20 қыз бала қатысқан. Соның 10-ы әр түрлі салмақта жүлделі орындарға ие болған. 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Қазақстаннан оның ішінде біздің Ерейментаудан Ерхан болды. Қандай мақтаныш елің үшін, мектебің үшін! Ерханға зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, әлі оны бұдан да жоғары биіктерден көреміз деп ойлаймыз. Болашақ олимпиада жүлдегері болып еліміздің мәртебесін көтереді деген үміттеміз. Ұстамды, салмақты, тәрбиелі, ел - жер көріп, өмір құндылықтарын түсінген тұлға. Содықтан мектеп әкімшілігінен ата-анасына алғысымызды білдіреміз.