Сабақтың тақырыбы : М.Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы
Білімділік: Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру; Тәрбиелік: Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу; Дамытушылық: Көркем шығарманы талдай білу қабілеттерін, сөйлеу тілі мен жазба тіл мәдениетін дамыту, оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі : Аралас сабақ Сабақтың әдісі : Серпілген сауал, сұрақ-жауап, дамыта оқыту,топтық жұмыс,түсініктеме күнделігі Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,слайдтар,бейне материалдар Пәнаралық байланыс : тарих, ән Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, сабақтың эпиграфы
2. Аң суреттері арқылы топқа бөліну. Үй тапсырмасын пысықтау «Серпілген
сауал» 1. Шортанбай Қанайұлы кім? .Шортанбай өмір сүрген кезеңде қазақ қоғамына қандай өзгерістер енді? 3.Шортанбай шығармаларының басты тақырыбы не? 4.Ақын дін иелерінің заман ыңғайына көшкенін қалай бейнелейді? 5.Шортанбай Қанайұлын неге «Зар заман ақыны» дейді? 6. Ақын заманның бұзылуының белгісі не дейді? 7. Осы заманды бұзған кімдер дейді? Жаңа сабақ: Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы (Слайд) Ø Майлықожаның термесін тыңдату.
Ø Кітаппен жұмыс: оқулықтағы мәліметті оқушылар оқиды, жұппен талқылайды, топпен пікірлеседі, сұрақтар құрайды.
Мұғалім бейне таспа арқылы қорытынды жасайды. Ø Толғау дегеніміз не, болжам жасайық.. Бейнетаспа, слайдтан оқушылардың жауабын толықтыру. Ø Өлеңді мәнерлеп оқу, Әр топтан бір оқушы оқиды Ø Сөздік жұмысы Ø Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Оқушылар жұппен талқылайды, топпен пікірлеседі, Ø Топтық жұмыс. І топ. Абай мен Майлықожаның өлеңдеріндегі “Бес асыл іс ” ІІ топ. Толғаудағы “жақсы”, “жаман” адамның қасиеттерін саралау ІІІ топ. Өлеңнен нақыл сөздерге айналып кеткен жолдарды тауып, тәрбиелік мәнін ашу Ø «Түсініктеме күнделігі»
Толғаудан үзінді |
Менің түсінгенім |
«Жақсының жолы- жарық күн Жаманның жолы-көмескі |
|
Сабыр – ақыл серігі, Сабырсыз болма асығып |
|
Білімді бекіту: Толғаудан қандай ой түйдіңіздер? Кері байланыс: Білімді бағалау: Үйге тапсырма: С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңімен салыстыру