Информатика 8 сынып Күні: 14.04.2017 жыл. Сабақтың тақырыбы: Функциялар. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Кестелік процессор туралы білімдерін еске түсіру. Функция түсінігін, функциямен жұмыс істеу негіздерін түсіндіру. Дамытушылық мақсаты: Стандартты функцияларды нақты әрі тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, мұқияттылыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: түсіндірмелі, практикалық сабақ. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, презентация, видеороликтер, үлестірмелі материалдар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі а) амандасу; ә) түгендеу; 1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру "Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы Жаттығу барысы Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек. ІІ. Өткен сабақты қайталау «Өрмекші торы» әдісі арқылы өтеді. Әр топтан үш оқушы шығып бір біріне сұрақтар қояды. ІІІ. Жаңа сабақты «Джигсо» әдісі арқылы түсіндіру. Кітаптағы тарауды 3 топқа бөліп беріп, оны оқып талдауға уақыт беремін. 5 минуттан кейін топтан оқушылар шығып айтады. Бірінші Математикалық функция тобына «Сумма» Екінші Статистикалық функция тобына «Автосумма» Үшінші Мәтіндк функция тобына «функциялармен жұмыс істеу кезіндегі қателер туралы хабарламалар» Келесі тапсырма компьютерде тәжірибелік жұмыстар 3 топқа жеке беріледі. Тапсырма: 1. 1. Excel ұяшықтарына керекті киімдер тізімін енгізіңіз. Соңында кеткен ақшаны есептеңіздер.
тауар аты |
саны |
бағасы 1 дана |
жалпы |
етік |
2 |
12500 |
|
тон |
5 |
25000 |
|
күртеше |
8 |
38500 |
|
бөрік |
7 |
12300 |
|
шалбар |
3 |
2500 |
|
көйлек |
5 |
5800 |
|
жейде |
2 |
3500 |
|
барлығы |
қоіырау кестесі |
|||||
сабақтың басталуы |
сабақтың аяқталуы |
сабақтың ұзақтығы |
0:45 | ||
1 сабақ |
8:30 |
үзілістің ұзақтығы |
0:10 | ||
2 сабақ |
|||||
3 сабақ |
|||||
4 сабақ |
|||||
5 сабақ |
|||||
6 сабақ |
|||||
7 сабақ |
3 топқа тапсырма 1. А бағанына өз тобыңдағы оқушылардың тізімін енгізіңдер. 2. В1 ұяшығына бірінші сабақтың өткізілу күнін енгізіңдер. Келесі сабақтардың болатн күнін формула арқылы есептеп толтыру керек. 3. В1 мен J8 ұяшығын аталған пән бойынша оқушылардың күнделікті бағаларымен толтырыңдар. 4. К бағанына әр оқушы бағаларының дөңгелектенген арифметикалық ортасын есептеу формуласын жазу керек. (=Округл(СРЗНАЧ(В4:J4)0), бұл формуланы теру үшін функциялар мастерін пайдаланыңдар. Керекті функцияны математикалық функциялар ішінен іздеңдер. 5. Дайын кестенің астына, керек ұяшыққа статистикалық СЧЕТ ЕСЛИ (K$4:K$10; “=5”) формуласын енгізіп, үздік, жақсы, орташа оқитындарды есептеп жазыңдар. V. Сергіту сәті: VІ. Сабақты бекіту, қорыту: Bilimland интернет ресурсынан тақырыпқа сай тест және жаттығу орындау. Жинаған фишкаларын санап, орташа мәнді кестелік процессорда есептеп өз бағаларын шығару. VІІІ. Үй тапсырмасы: Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану тақырыбын оқып келу. Тапсырма: Электронды сынып журналын құрып келеміз.