Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11.10.2017

           Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп ,қоғам дертіне айналып отырған өзіне-өзі қол жзұмсау мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде. 

Жалпы, жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсаудың басты сылтауы әлеуметтік-психологиялық бейімделе алмауы болып табылады. Бұл мақсатында адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді:белгілі бір қиыншылықтардан кету,қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету,басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту, ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады,оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен үлкеннің де, жасөспірімнің де , тіпті, жеткіншектердің де психикасында “Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ” деген ойлар басынан кетпейді. Кейде мұндай жағдай жасөспірімдерді еліктеушілікке де әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көргенін, әлеуметтік желілерден, ғаламтордан көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді. Осы арқылы өзіне жұрттың назарын аудартқысы келеді. 

Мектеп оқушылары жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады. 

Балалық шақ – 12 жасқа дейін;  Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;  Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек 5 жасқа дейінгі

балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі

болып ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында,әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды. 
Жоғарыдағы аталып өткен мәселеге байланысты мектеп оқушыларының арасында өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларын болдырмау және суицидиалды мінез-құлықтың алдын-алуға байланысты құрылған мектепішілік 2017-2018 оқу жылына арналған тәрбиелік-психологиялық жоспары құрылды және психология саласы бойынша тәрбие орталығымен, сынып жетекшілермен бірігіп тиісті шаралар атқарылуда. Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу және

болдырмау жұмыстары келесі бағыттарда жүзеге асырылуда. 

1. Диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу. 

2. Өзіне-өзі қол жұмсау қауіпі бар оқушыларды анықтау және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу 

3. Сауалнама бойынша сынып жетекшілермен , дәрігер мамандарымен өзара әрекеттесу, мектептегі барлық оқушыларды өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатыстыру. 4.11сыныптарға «Сенімділік күш береді» тақырыбында тренинг сабақ, ҰБТ ға байланыста рухани күш беру мақсатта әңгімелесу әдістері , кеңес беру, сауалнама әдісі бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 

5. Алдын алу ретінде сынып жетекшілерімен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу. Негізгі мақсаты – өмірге көзқарастарын дұрыс бағыттау және сыныптағы психологиялық климатты оңтайландыру Осы бағыттар бойынша мектебімізде арнайы жұмыстар, іс-шаралар жүргізілуде. Қорыта айтқанда, жыл басынан бергі атқарылған жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Негізгі мақсатымыз – оқушыларымызға, педагогтарға өмір құндылықтарын үгіттеу және білім беру мекемесіндегі психологиялық климатты оңтайландыру. Жалпы, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры болар жасөспірімдеріміздің құқықтық санасын жетілдіру, құқықтық ақпараттық-насихаттық көмек пен жан-жақты демеу беру мен қоғам өміріндегі барлық іс-әрекетке бей-жай қарай алмайтын азаматтық тұрғыдағы белсенді

патриоттық тұлғасын қалыптастыру.  Ол үшін мектеп пен отбасы бірігіп жұмыс істеуі міндетті.

Просмотров: 376


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст