Сабақтың тақырыбы: «Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз» Мақсаты: 1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; 2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді; 3. Патриоттық тәрбие қалыптасады;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топқа бөлу.
Қағаз қиындыларының артында жазылған сөздер арқылы Жағымды психологиялық ахуал тудыру.
Комплименттер бұрқасыны Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер эпитеттер түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек.Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады. құрметті оқушылар, ұстаздар!!! Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс-шаралар қолға алынуда. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда. Сол себепті болашақ
жеткіншектер өздерің екенін ескерте отырып, осындай жағдайларды болдырмау мақсатында тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз»деп алып отырмыз.
Бейнеролик көрсетіледі. -Сыбайлас-жемқорлық деген не? (оқушылардың пікірлері тыңдалады)
Баяндамашы: Сыбайлас-жемқорлық деген не? “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен
аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік
конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары: - қоғамның бақытты болашағын тежейді; - елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді; - жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. 1 - оқушы
Жамандыққа тосқауылды қояйық, Пара алғанның жолы жабық қой анық, «Қазақстан - 2050»- айқын жол, Күресейік, жемқорлықты жояйық. 2- оқушы Әр ата - ана өнеге берсін балаға, Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама, Адалдыққа, даналыққа үйретсең, Жолдан таймас ар болған соң санада. 3 - оқушы Пара алғандар темір тордан әрі асар, Алса да оны мойындамай санасар, Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан, Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар. 4 - оқушы қазақ елі байтақ болсын десеңіз, Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз, Сонда ғана жер гүлденер, ел байып, Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз. 5 - оқушы Егеменді өсер елде тұрам Мен, Білдіремін сезімімді жыр - әнмен. Жолыменен Елбасының жүрейік, «Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен. Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?» (Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды) Тренинг Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріледі, тапсырманы сахналау керек.
1 жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда сізді үшінші рет құлатты. Өзінің барлық келбетімен, пара беруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз?
2 жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз?
3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрінде шетелдік құжат қажет. Брақ оны бір айдан кейін ала аласыз. Сіздің әрекетіңіз?
Ситуациалық жағдай
1 - топтың тапсырмасы: Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады. Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады? 3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
2 - топтың тапсырмасы: Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да
келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке - шешесі салғырттық танытады. Сұрақтар: 1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар? 2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз? 3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?
Топтық жұмыс. Әр топқа адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер жазуға беріледі. Әр топ постерлерін қорғайды. 1.Адамгершілік болмай, Әділдік болмас. 2.Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде. 3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап. 4.Адалдық — ардың ісі. 5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП. 6.Адамның әдемілігі шыншылдығында. 7.Ақихат сөзде алалық жоқ. 8.Әділ айтқан жеңер. 9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ. 10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады, Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады. сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға
болады? 1.Пара бермеу және алмау. 2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс. 3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер. Бейнеролик көрсетіледі.
Сабақты қорытындылау: Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге
тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар . «Жүрек жылуы» тілек арнау.(әр топ бір-біріне тілек
айтады)