Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

18.10.2017

Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және онымен қалай күресуге  болады?»

Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Тақырыптық слайд, бейнебаян,сауалнама Барысы: Презентациямен бірге, жүргізушілердің кіріспе сөздері.

1 - жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, бүгінігі дөнгелек столға қатысушылар. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері құқықтық-азаматтық мемлекет құру үстінде. Осы уақыттан бері еліміздің жеткен жетістіктері, алған асулары көп болғанымен өкінішке орай кейбір жағымсыз құбылыстардың да орын алып отырғаны тарихи шындық. Сондай келеңсіз құбылыстардың қатарына ересек адамдар мен жастар арасында қоғамға қауіпті әрекеттерге бару, адамзатқа қарсы қылмыстық әрекеттер жасау жыл сайын өсіп келеді. Осындай қылмыстардың  қатарына сыбайластық жемқорлық мәселесін айтуға болады. Бұл келеңсіз әлеуметтік-құқықтық құбылыспен  елімізде белсенді күрес жүргізіліп жатса да, оның тамырына балта шабу оңай емес екенін анық байқатып отыр. 2 – жүргізуші: Сыбайлас

жемқорлықтың  қылмыстық әрекет ретінде кең ауқымда таралуына себеп болып отырған - мемлекеттік қызметтегі азаматтар мен жастардың құқықтық мәдениеті мен патриоттық сезімдірінің төмендігі «Жемқорлық» этимологиялық мағынасына қарай  «corruptio» деген латын сөзінің  «параға сатып алу», «пара беру» деген түсінік ретінде криминалистика ғылымының төл категориясына айналды. Рим құқығында «corrumpire» түсінігі «сындыру, бұзу, зақымдау, параға сатып алу» деген мағына беріп, құқыққа қарсы

іс - әрекетті білдіреді. 1 - жүргізуші: Ғылыми  әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық — (лат. тілінен аударғанда «соrruptio» — пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау, заңға қайшы келу деген мағынаны білдіреді) мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды пара беріп сатып алу, олар қолындағы

кәсібіне сәйкес берілген билікті, қызмет бабын жеке басын байыту, өз  мақсатына пайдалану» арқылы еліне сатқындық жасап,  отандастарының жеке бас құқығын заңды мүдделерін бұзу арқылы қылмыстық әрекеттерге барады. 2 – жүргізуші:  Сонымен бүгінгі дөнгелек столдың тақырыбы «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және онымен қалай күресуге  болады?». Шағын бейнесюжетке назар аударайық. -         Сауалнама нәтижесі – бейнематериал көрсету, қорытындысын жариялау.

Бүгінгі дөнгелек столда талқыланатын сұрақтар:  

1.     Сыбайлас жемқорлықтың шығу себептері қандай?

2.     Сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық тәжірибе: бізге не алуға болады?

3.     Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігі.

Әр сұрақ бойынша оқушылар шығып презентацияларды қорғайды. -         Қатысушылар өз ойларымен бөліседі. Қорытынды сұрақтар:  

1.    Сыбайлас жемқорлықтың маған қандай қатысы бар?

2.     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мен не істей аламын?

3.     Жемқорлықсыз өмір сүру мүмкін бе ? Қорытынды: Жоғарыда келтірілген себептерді талдай отырып, сыбайлас жемқорлықтан құтылудың жолы- азаматтардың құқықтық сауатсыздығын жойып, азаматтық-патриоттық сезімді көтеру қажеттігі туындайды.  Әрбір адам  өзінің құқықтарын білсе, өздеріне қарсы

қандай да бір құқық бұзушылық әрекет жасалған жағдайда тойтарыс бере алатындай,құқықтық

мәдениеті болса құқық бұзушылық мәселесі шешілер еді  деген оймен бүгінгі отырысымызды аяқтайық.

Просмотров: 659


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст