Біздің қазіргі заманның өзекті мәселесінің бірі – балаларға қатысты зорлық-зомбылық. Жыл сайын кәмелетке толмағандарға қатысты әр түрлі қылмыс жасалады, бұл қылмыстар бірнеше санатқа бөлінеді: психологиялық зорлық-зомбылық, физикалық зорлық-зомбылық, сексуалды зорлық- зомбылық. Соңғы санаттың бірі - кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс және жеткіншектердің
жыныстық азаттығы. Баланы осындай зомбылықтан қалай сақтауға болады? Жасөспірімдер нені білуге тиіс? Ата-аналар балаларын қалай қорғап қала алады? Осындай сұрақтардың жауабын «Бөгенбай батыр
атындағы қазақ орта мектебі» КММ ұстаздары іздеп көрді. Мектепте 1 ай бойы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы алдын алу шаралары өткізілді. Айлық барысында
мектеп оқушыларымен түсіндіру жұмыстары, тренинг сабақтар, әңгіме сабақтар өткізіліп, лекциялар оқылды. Жасөспірімдердің өзін-өзі ұстау ережелері жазылып таратылды. Ұл - айбарлы қылышың.Қыз - түздегі өрісің демекші өскелең ұрпақтың болашағы айқын, қадамы нақты болу үшін қазіргі кездегі тәрбиесі берік болуы тиіс. Ал, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру, оларды зорлық зомбылықтан сақтау, алдын алу отбасы мен мектеп алдындағы ең алғашқы міндет болуы тиіс.
Құрметті ата-ана!
Өз балаңызды зорлық зомбылықтан қорғағыңыз келсе, оларға қарсы қылмыстың алдын алғыңыз келсе, балаңызға мына жағдайларды ұғындырыңыз. 1. Бөтен адамдарды үйге кіргізуге, далада сөйлесуге; 2. Олармен бірге лифт және подъезге кіруге; 3. Бөтен адамның көлігіне отыруға;
4. Бөтен адамдардан сыйлық алуға және олар ұсынған жерге баруға; 5. Қаранғы түскен уақытта жалғыз қалуға; 6. Көпшілік жүрмейтін жерде жалғыз жүруге; «БОЛМАЙДЫ»