Текст
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
04.09-02.12-2017ж аралығында Ерейментау ауданының мектептері арасында өткен Мини футбол Лигасында «Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» мектебі құрамасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Мектеп құрамасында Аманжолов Данияр, Нурахметов Таңатар, Бекпаулы Алишер, Амангелді Темірлан, Тілек Ерасыл, Тілек Нұрлыөмір және Саттар Досхан өз бақтарын сынады. Құрама капитаны Бекпаулы Алишер. Лиганың ең үздік шабуылшысы ретінде мектебіміздің оқушысы Саттар Досхан иеленсе, ең үздік қақпашы номинациясын Амангелді Темірлан өз қанжығасына байлады. Мектептің мини футбол құрамасын жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жеңіс төрінен көрінсін деген тілек білдіреміз!!!
Мектеп әкімшілігі