Балалардың негізгі функциялары мектепке дейінгі жастарында қалыптасады. Сөйлеу тіллі – қарым –қатынас құралы ғана емес, ол ақыл-ой, шығармашылық, зейін, есте сақтау, дүниетану, өзіндік білім көтеру
қабілеттердің дамуындағы қажетті де маңызды құрал. Тіл дамыту - барлық сабақта жүргізіліп отыратын процесс. Соның ішінде тіл сабағында алатын орны ерекше, өйткені бала сауатгы жазып, сөйлемді дұрыс құра білудін негізін осы тіл сабағынан бастайды. Тіл дамыту - сөйлей, жаза білу, ойды байланыстырып айту, сөйлем кұрай білу, сөздік корды молайту, жеке дыбыс, сөз, сөз тіркестерін дұрыс айта білу мен тығыз байланысты. Осы айтылған мәселелер төңірегінде тіл дамыту жұмысы жүргізіледі. Барлық кезеңінде логопед маманы тіл дамыту жұмысын оқушылардың ойлау қабілетімен ұштастырып жүргізіп отырады. (текст, дыбыстану,грамматика, суретпен, сөздікпен жұмыс т.б.) Тіл түзету жұмысы логопед маманы жүргізетін арнайы іс-әрекет болса да, әр ата-ана осы жағдайға жауапкершілікпен қарап, сәби күнінен бала тілін жаттықтыру жұмыстарын жүргізуі керек. Өйткені, кей жағдайда түзету жұмыстарында тек қана логопедтің көмегі жеткілісіз болуы мүмкін. Сонымен тіл дамыту жұмыстарына қойылатын талаптар: а) оқушылардың сөздік қорын байыту; э) сөйлемді дұрыс қүра білу; б) байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру; в) қазақтың ерекше дыбыстарын айта білу; г) сурет бойынша жұмыс істеу; д) оқушылардың ойлау кабілетін дамыту; ж) оқығанын, естігенін анық, түсінікті етіп айта білуге жаттықтыру т.б. Мұғалім бүл талаптарды сабақ мақсатына қарай ұштастырып жүргізіп отырса, оқушы өз ойын ауызша жеткізе алатын болады. Тіл – адамның рухани айнасы. Мемлекетіміздің ұлттық тілі неғұрлым бай болса, оның рухани дүниесі де соғұрлым жоғары болмақ. К,Қ
Үк-әк-ак-ык-ок-ук-ка-ко-кү-ку-кы-кұ-ік Қал, қас, жақ, тақ, қала, ноқта, қол,қос, жоқ, тоқ, қоға, тақта, ынтымақ, қолтырауын, Қаламқас, оқыды, қонақ, мақсат.
Өленді жаттап ал.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Мәтіндерді оқы
Көл жағасында
Кәрім – Кәкімжанның жолдасы. Ол көл жағасында отырды. Кәрім қанатты көрді. Ол досын шақырды. Көлдің суы көкшіл, мөлдір әрі жылы. Қанат, Кәрім, Кәкімжан суға шомылды. Содан соң көл жағасын аралады. Көл маңы қалың ағаш.
Өленді жаттап ал.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Көрші Қыс. Қар жауды. Кәрім далаға шықты. Ол шанасын алды. Кәрімді Қадіржан көрді. Ол да далаға шықты. - Қадіржан, мына шанаға отыр. Таудан сырғана. Ол таудан сырғанады. Олардың көңілді дауыстары шығады. Қадіржан, Кәрім – тату жолдас әрі көрші. Көгершін Бірнеше көгершін алаңға қонды. Айман көгершіндердің дән шоқығандарын байқады. Ол Берікке көгершіндерді көрсетті. Олар көгершіндерге жем мен су берді. Айман мен Берік көгершіндерге әрдайым қамқорлық жасайды. Көгершіндерді жәбірлеуге болмайды. Көгершін – бейбітшілік белгісі. Балалар, сендер де көгершіндерге қамқоршы болыңдар! Кітап Кітап – білім бастауы. Кітапты оқи білу – өнер. Кітап – адамның ақылшы досы. Оны жұрт құрметтейді. Кітаптағы қызықты ертегі, әңгіме, өлеңдерді жазушылар, ақындар жазады. Суретшілер суретін салады. ? Кітап қай жерде басылып шығады? Ол туралы әңгімеле? Ас Қанат атасын асқа шақырды. Атам, әкем, Қанат, Қуат, Калима тамақтануға отырды. Анам қасық, шанышқы, кесе алды. Олар тамақ
ішті. Қуырдақ, бауырсақ дәмді. Сонан соң
қатық ішілді. Ас – адамдың арқауы.
Сөздерді оқы
Көл, қол,
кісі, көрік, қорық, әк, ақ, қасық, Қуат, қарлығаш, тамақ, көкшіл, ақшыл, шанышқы, лақ, қалың, қамқоршы,
қыс, оқушы, қуырдақ, бауырсақ, қатық, құс, қасқыр.
Сөздерді көпше түрде айт
Құс – құстар
Сабақ – сабақтар
Ыдыс – ыдыстар
Қасқыр – қасқырлар
Сурет – суреттер
Сергітуді мәнерлеп оқы, жаттап ал.
Ақ қанатты көбелек,
Көк қанатты көбелеқ,
Қызыл қанатты көбелеқ,
Бізідің үйге келе кет.
Көбелек-ау, көбелек,
Мені өзіңмен ала кет.
Астана
Отанымнын жас қаласы – Астана. Ол – Сарыарқада қоныстанған
жаңа қала.
Отан – ақ отауым. Ал Астана – оның шаңырағы. Қанағаттың
атасы Қасым Астана қаласында. Қанағат атасында қонақта. Олар Астана қаласын
тамашалады. Қаланы төорт сағат аралады.
Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (телевизор)
Қалқиған ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
Өленді жаттап ал.
Кеңсің дала,
Туған ана.
Көйлегің кең көк ала,
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
Сөйлемдерді тарату
Көйлек.
Мынау – көйлек.
Бұл – көк кйлек.
Қолғап.
Мынау – қолғап.
Мынау қызыл қолғап.
Үйрек.
Қара уйрек.
Үлкен қара үйрек.
Гүл.
Қызыл гүл.
Кішкентай қызыл гул.
Доп.
Қызыл доп.
Қызыл доп алдым.
Мен қызыл доп алдым.
Мектеп.
Мынау – мектеп.
Мен мектепке барамын.
Оқы.
Кітап оқы.
Қанат кітап оқыды.
Мынау – қызанақ.
Ол қызыл түсті.
Мен қызанақты жақсы көремін.
Мыну – қияр. Ол жасыл түсті.
Мен қиярды жақсы көремін
Қоян.
Ақ қоян.
Мынау – үш ақ қоян.
Х, Һ
Ха-хо-ху-хы-хи
Хор, хабар, хат,
хан, халат, кітапхана, шеберхана, асхана, дәріхана, дәмхана, наубайхана,
хоккей, шахмат, халық, Қаһарман,
Гауһар, қаһар, шаһар, жиһаз, жиһазгер.
Мәтіндерді оқы
Хоккей
Хасан мен Хамит
хоккей ойынын жақсы көретін. Екеуі екі топта ойнайтын еді. Хасан қақпашы, Хамит
шабуылшы болды. Ойын басталды. Екі жақ та қызу ойнады. Хасан да, Хамит та нағыз
хоккейшілердей ептілік көрсетті. Хасанның тобы жеңіп шықты.
Мектеп асханасы
Мектепте асхана
бар. Хамит, Халида, Хасан үшеуіміз асханадан түсте тамақ ішеміз. Аспаз Халида
апай тамақты дәмді пісіреді. Нанды наубайханадан әкеледі. Біз нанды
қадірлейміз. Нан – дастарқан құты. Нан – тоқтық, нан – байлық.
Сөйлемдерді тарату
Хамит.
Мынау – Хамит.
Хамит – әдепті оқушы.
Халида.
Мынау – Халида апай.
Халида апай тамақты пісіреді.
Гауһар.
Гауһар – досым.
Гауһар менің жан досым.
Қойылған дыбыстарды толық мәтіндерде,өлеңдерде бекіту
Саябақ іші
Қыс. Күн суық. Саябақ іші аппақ қар. Аяз
бетті қариды. Құстар да тоңа бастады. Тиін шырша жаңғақтарын жеп отыр. Тек
қорқақ қоян не істерін білмейді.
Рамазан мен
Рахат саябаққа келді. Олар бұта түбінен қоянды көрді. Рамазан
қоянға жақын келді. Қоян зып беріп, қаша жөнелді. Рахат қорқақ қоянды қуды.
Өлеңді жаттап ал.
Көкөніс
Әкелді анам базардан,
Барлығынан тазарған:
Бұрыш,
Бұршақ,
Картоп,
Қызылша,
Сәбіз
ұзынша.
-
Ас қалатын мен
асты,-
Деп өзара таласты:
Бұрыш,
Бұршақ,
Картоп,
Қызылша,
Сәбіз
ұзынша.
Пышақ – өткір құрал-ды,
Бірі қалмай туралды:
Бұрыш,
Бұршақ,
Картоп,
Қызылша,
Сәбіз
ұзынша.
Қазанға кеп түсті де,
Қайнап-қайнап пісті де:
Бұрыш,
Бұршақ,
Картоп,
Қызылша,
Сәбіз
ұзынша.
Айналды бір дәмді асқа,
Амалың жоқ нанбасқа!
Бұл қай мезгіл?
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Бұллты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық, кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Қөбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Адал достар
Айдар мен Ақан кішкентайынан дос. Екеуі
бір-бірінен еш нәрсені жасырып көрген емес. Екеуі бірге ойнайды, бірге сабаққа
дайындалады, үйдегі жұмыстарын да бірлесе істейді. Күшіктерін ертіп, екі үйдің бұзауларын
көк шөпке жаюға ауылдың сыртына барады. Арасында өздері күшіктерімен біраз
ойнап та алады.
Өлеңді жаттап ал.
Қолыма гүл аламын,
Дайын дәптер, қаламым.
Мен мектепке барамын.
Қуанышым менін мол,
Мектебіме тарттым жол.
Балабақшам, қош, сау бол!
Өлеңді жаттап ал.
Бұл қай кезде болады?
Өрік, алма,
Шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Балалар, айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?
Жаз айлары туралы өлеңді жатта.
Июнь – маусым,
Гүлдер жаусын.
Июль – шілде,
Шомыл көлде.
Август – тамыз,
Піседі қарбыз.
Мәтінді оқы
Хоккей
Жасөспірімнің көбісі
спорттық ойындардың ішінде хоккейді көп таңдайды.Бұл спорт түрі көбінесе төзімділікті,қайсарлықты
және жылдамдықты талап етеді.Ойынның шарты бойынша ойынша командаларға
бөлініп,орнатылған қақпаға шайбаны салу тиіс.Бұл хоккей ойынының шайбамен
ойналынатын түрі ғана.Хоккейдің доппен когалда ойналынатын түріде бар.Ал
шайбамен көбіне мұзда ойналынады.