Коучинг тақырыбы: |
Сыни тұрғыдан ойлау. «Ой өзгермей, адам өзгермейді» |
Жалпы мақсат: |
Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейтінін түсінеді. |
Оқу нәтижесі: |
Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту үшін балаларға жол ашады, сенімділігін арттырады. Сапалы білім алуына жетелейді. |
Негізгі идеялар: |
Мұғалімдер оқыту мен оқуда сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін құралдарды қолдануға үйренеді. |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Слайд-презентация, мультфильм, түрлі-түсті стикерлер, маркерлер, А4 қағазы. |
Оқыту әдістері: |
Жаңа әдістер, сұрақ-жауап, ой қозғау, Венн диаграммасы, топпен жұмыс. |
Дерек көздері: |
Әдістемелік нұсқау. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде» оқу-әдістемелік құрал. |
Тапсырмалар: |
Топтық талдау, салыстыру, зерттеу, сыни ойлау. |
Қоданылатын әдіс-тәсілдер |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті | |||
Қызығушылықты ояту кезеңі (2мин) |
«Молекула» ойыны арқылы топқа бөліну |
Топқа бөлу | |||
Миға шабуыл 3 мин |
-Сын тұрғысынан ойлау» туралы не білеміз? - Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдері сіздерге таныс? -Блум таксономиясы туралы не білесіздер? |
Сұраққа жауап беру | |||
Мағынаны ашу кезеңі (10 мин)
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауын қадағалап үйренуіне жол ашу |
«Торай пен печенье» мультфильмін көрсету. І-топ: Торайдың іс-әрекеті мен мектептегі мұғалімнің іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар? ІІ-топ: Торайдың жіберген қателігі бар ма? ІІІ-топ: Торайдың іс-әрекетін қалай бағалар едіңіздер? |
Сыни тұрғыда ой қозғау Ойларын ортаға салып қорғап береді.
| |||
Ой шақыру 5 мин |
Тапсырма: Берілген сөздердің біреуін таңдап алып суреттегі кейіпкерге мінездеме бер жауынгер
қайратты
сұлу қатал қолбасшы мәртебелі |
Ойларын дәлелдеу | |||
Сергіту сәті (2 мин) |
«Қыдырып қайтайық» |
Көңіл-күйлерін көтеру. | |||
10 мин Сыни тұрғыдан ойлау |
Әр топқа шарлар таратып беру - Шарлардан не істер едіңіздер? |
Жұмыстарын қорғау | |||
Қорытынды ой Рефлексия. (5 мин) |
Венн диаграммасы «Қарапайым ойлау» мен «Сыни ойлау» сипаттамасын беру.
Тренинг «Менің тұлғам». |
Кесте толтырады. Ойларын ортаға салады.
Қатысушылар ақ бетті екіге бүктеп, өз қолдарымен жыртып бала бейнесін жасайды. | |||
Кері байланыс |
«Чемодан, ет тартқыш, себет» Ч-өзіме осы сабақта алғаным Е- әлі ой елегінен өткізетінім С- осы сабақтан алмайтыным |
Өз ойларын жазып, әр суретке жапсырады. |