Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.01.2018

Тақырыбы: «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл»       Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру; 2.Оқушыларды ұйымшылдыққа,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу; 3.Оқушыларды

жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету.Білім,білік дағдыларын кеңейту; Сабақтың түрі: командалық жарыс Сабақтың әдісі:ойын Өтетін орны: спорт алаңы Өтетін сыныбы:  4 «Ә» сыныптар Құрал- жабдығы: доп, кедергілер, секірткіш, ысқырық, шығыршық, қап,эстафета таяқшасы, шар. І.Ұйымдастыру кезеңі 1.Жарысымыздың қорытындысын шығарып,әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру. 2.Ортаға командалар шығады.Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады.Мемлекеттік Әнұран орындалады. ІІ.Жарыстың шарты. 1.Сәлемдесу.(ұраны,топ аты) Бейбарыс тобы топтың ұраны: (4 адам)

Жеңістерге бет алдық, Спортта сұлтан атандық. Жетсін деп топ мақсатқа,                                               Бейбарыс деп атадық.
«Қыран»тобының ұраны.

Шынықсақ шымыр боламыз, Сауығып айдай толамыз. Спортты серік етеміз, Жақсы азамат боламыз. Тұлпар тобының ұраны:
Ұшақтанда  ұшқырмыз, Желден озған жүйрікпіз. Жарысуға сендермен, Келіп тұрған мықтымыз.

2.Эстафеталық ойындар

  1.Эстафеталық жарыс: « Жылан » сайысы

Ойынның шарты: Кедергілер арасымен жыланға ұқсап жүру арқылы мәреге бірінші болып жетуі керек.

  2.«Секіртпемен жүгіру» Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді.Белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Келесі ойыншыға береді.Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

  3. «Пингвин» сайысы. Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді. Келесі ойыншы жалғастырады.

  4. «Футбаскет» сайысы. Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп кедергілердің арасымен өтіп барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек. Аналары допты баскетболдағыдай кедергілердің арасымен жерге ұрып отырып барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек.

  5. «Мергендер» сайысы. Допты екі аяқтың арасына қысып, түсірмей кедергілер арасымен өтеді, ілініп тұрған шарды жарып қайта келеді.

6.«Допты түсірме». Аналары маңдайларына допты қысып, барып келеді. Балалар  кеудесімен  қысып, барып келеді.

7.«Қаппен жүгіру» Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып,белгіленген жерге секіріп барып,кейін қайтады.Қапты шешіп келесі ойыншыға береді.Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

  8.«Арқан тарту» Команда мұшелері түгел арқан тартуға шығады.Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді.Командалар бір-бірімен түгел арқанмен тартысады. Спорт – көркі өмірдің, Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың, Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік! ІІІ.Қорытындылау. Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі. Командалар сап түзеп қатарға тұрады. Ұпай санын есептеп,жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.  

Просмотров: 467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст