Еліміздің қаһарман ерлері
2018 жылдың 14 ақпанында «Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан демократиялық Республикасынан шыққанына 29 жыл толуына байланысты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері: Өмірзақов Хамит Даирбекұлы, Салыков Марат Советұлы және Ахметов Жамбыл Кенжетайұлы қонақ ретінде шақырылды. Кездесуде 9-11 сынып
оқушылары өздерінің әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік ретінде дайындаған саптық шеру өнерлерін көрсетті. Бағдарламада: Сап және сап көрінісі, бөлімше командирлерінің рапорт беруі, орындағы бұрылыстар, саптық плац, жүрудегі сәлемдесу, саптық ән, автоматты бөлшектеу және жинақтау сынды кезеңдерден тұрды. Жоғары сынып оқушылары өздеріне міндеттелген тапсырманы өте жоғары деңгейде шеберлікпен орындады. Сайысты Ауған соғысының ардагерлерінен құралған қазылар алқасы қорытындылап, шешімін шығарды. І-орын 10 сынып оқушыларына, ІІ-орын 9 сынып оқушыларына және ІІІ-орын 11 сынып оқушыларына бұйырды. Жалпы өткізілген осы іс-шшараның оқушыларға деген тәрбиелік мәні өте зор болды. Саптық шеру жарысы аяқталғаннан соң оқушылар ардагерлерге өз сұрақтарын қойып, лайықты жауаптар алды. Іс-шара аяқталғаннан соң қонақтарға ақ дастарқан жайылып,естелікке кәдесыйлар ұсынылды.Жас ұрпақтың жауынгерлерге деген құрметі шексіз болды, ал ауған соғысы ардагерлері өз тарапынан оқушыларға деген ізгі ниет, тілектерін білдірді. Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Солардың ішінде ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті.