Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктем мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары

25.02.2020

Көктемгі күннің көзі сәулелерінің қыздыруынан өзендер мен көлдердің бетін жапқан мұздар тез ериді және оны өте қауіпті етеді.Күн сайын мұз жұмсақ, борқылдақ және бос болады. Бұл мұзды басуға болмайды. Көктемгі мұз бен қысқы және күзгі мұздың айырмашылығы болады. Егер күзгі мұз адам басқан салмағынан шатырлап, кауіп туралы ескертсе, ал көктемгі мұз алдын ала сықырлап жарылу дыбысын бермей, жүріп келе жатқан адамның астынан қопарылып құлайды, мұз ботқасына айналады.  

Су қоймасындағы көктемгі мұзды басуға кауіпті. Желмен балалар және балық аулаушылар тұрған мұз үлкен бөлшектерге бөлініп жарылған жағдайлар да болған. Оларды құтқару үшін тікұшақ және кішкене кемелер пайдаланған. Көктемде балаларға су қоймаларын кесіп өтуге тыйым салынады.Көктемде өзендердің мұзы жарылып сең жүру кезінде мұзда ойнауға болмайды. Мұздан мұзға секіріп, жағадан алыстау өте қауіпті. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкеледі. Көктемгі тасқын және сең жүру кезінде жарлы жағада тұру өте қауіпті, себебі судың қатты ағысы суды көтеріп, жағаны бұзады. Осы себептен, өзендерде сең жүрген кезде, көктемде балаларды бақылауға алып, балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Көктемгі мұзда суға батушыны құтқару әдістері күзгі және қысқы мұздағы әдістерден айырмашылығы жоқ, тек ерекшеліктері бар және белгілі қиындықтары бар: - бос мұз суға батушының әрекетін қиындатады және төзімділікті қажет етеді; - мұздың жылжуы табельді және керекті құралдарымен суға батушыны құткару жұмыстарын қиындатады; - суға батушыны қорғау барысында мұзды айналып өтіп, жылжытып, жағдайды қиындатпай суға батушының жанына келу үшін қайық, кішкене кемені (катерді) шеберлікпен жүргізу қажет. Көктемгі тасқын кезінде құтқарушылар мен суға батушыға қауіп тудыратын иірім саны көбейтетін су ағымы артады.

Мұны білу қажет!

  • Адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындықты мұз болып саналады. 
  • Өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз. 
  • Егер 3 күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді.
  • Мұздың беріктігін көзбенде анықтауға болады: мұз көгілдір түсті – берік, ақ – оның беріктігі 2 есеге кем; сұр, күнгірт-ақ немесе сары реңкті болса мұз осал.

Қатерге ұшыраған болсаңыз, не істеу керек:

  • Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз.  
  • Мұз бөлінген жағдайда қолыңды екі жаққа созып, мұзға кеудемен немесе арқамен аяқты созып жатуға тырыс.
  • Су үстіне қалқып шығуға, немесе қалың мұз үстіне жүзіп баруға тырыс. Мұз үстіне алдымен бір аяқты, содан кейін екінші аяқты салу керек.
  • Егер мұз әлсіз болса, мұздың қалың жеріне аунап түсіп, жағаға қарай жылжу керек.
  • Келген жағыңызға қарай еңбектеу керек, себебі ол жердің мұзының мықтылығы тексерілген.

 

Сіздің көмегіңіз қажет болса:

  • Ұзын бұтақша, тақтай, сырық немесе арқан алыңыз. Шарф, белбеу немесе киімді де алуға болады.
  • Құтқару құралдарды алдыңызға салып, аяқ пен қолдың арасын ашып, жылымға қарай абайлап еңбектеу керек.
  • Суға батушы адамға бірнеше метр жетпей тоқтап, оған жіп, киімнің шетін лақтырып, таяқ немесе тақтай беріңіз.
  • Зардап шеккен адамды абайлап мұз үстіне шығарып, қауіпті жерден жорғалап шығыңыз.
  • Келген жағыңызға қарай жылжу керек.
  • Зардап шеккен адамды жылы жерге жеткізіңіз. Оған көмек көрсетіңіз: зардап шеккен адамның су киімін шешіп, арақ немесе спиртке малынған шүберекпен немесе қолыңызбен денесін сылаңыз, ыстық шай ішкізіңіз.

Суда құтқару қызметі ескертеді:

Көктемгі тасқын және сең жүру кезінде қайғылы оқиғалар көп болады.

Оның себебі су қоймаларындағы абайсыз жүріс-тұрыс.

Көктемде мұз мықты болып көрінгенімен әлсіз болады.

Мұндай мұз асьтына түсіп кетуіңіз мүмкін.

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН:  

  • Еріген су пайда болғанда су қойма бетіне тұруға қауіпті;
  • Су астыннан балық аулаушылар балық аулауды тоқтату қажет;
  • Мұз жүрген кезде көпір тіреулеріне сүйену қауіпті;
  • Мұз жүрген кезде жарлы жағада тұру қауіпті;
  • Көктемгі мұз үстіне автокөлікпен жүруге болмайды;
  • Су қоймалары арқылы түнгі мезгілде өтуге болмайды.  

ЕГЕР СІЗ СУ ТАСҚЫНЫ БАСТАЛҒАН ЖЕРДЕ БОЛСАҢЫЗ                                          

  • Су, газ, электр тоғын өшіріңіз, есік және терезелерді жабыңыз, алғашқы медициналық қобдишасын, артық азық-түлікті, жылы киім, ақша, құжаттарды дайындап қойыңыз;
  • Ғимараттың жоғарғы қабатына немесе жақын жерде орналасқан қырға көтеріліңіз, жүзу құрал ретінде пайдалануға болатын барлық жарамды заттарды (шина, тақтай, пластикалық бөтелкелер, камералар, пенопластар)жинаңыз.
  • Егер көмекке мұқтаж болсаңыз – апат дабылын беріңіз. Суға құлау қауіпі болған жағдайда киімнің астынан жеңіл суда батпайтын заттарды (пластикалық бөтелке, доп, пенопласт кесектері)       байлап алыңыз;
  • Су қайтқаннан кейін іргетастың бүтіндігін, қабырға, терезе, еден жағдайын тексеріңіз.
  • Газ және жарықты мамандарға қосқызыңыз.
  • Үлкен материалдық зиян келтірілген жағдайда жергілікті атқарушы органдарға жүгініңіз.

Су тасқыны болған жағдайда қайғылы оқиғалар жиі балалармен болады.

Көктемгі су тасқыны уақытында балалардың өзенге баруына тыйым салыңыз.

Просмотров: 530


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст