НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-сі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Негізгі функционалдық міндеттері:
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 180000 теңгеден 230000 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл және білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы тиіс.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-сіне келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, " Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-нің директорының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариат немесе жұмыс орнынан кадр қызметі растайды.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер «Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-сі мектебінің қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-нің ресми сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күн ішінде «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп - лицейі» КММ-нің сенбі және жексенбіден басқа күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін тапсырылуы тиіс.
Анықтама телефоны 2-17-91, электрондық мекенжайы bogenbay.mektep@mail.ru.