Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 жылғы оқу жылында 9 (10)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

20.02.2020

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес(2019 жылдың 26 қарашадағы № 509 бұйрықпен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) 9 (10) сыныптарбілім алушылары үшін қорытынды аттестаттау келесі нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математикадан жазбаша емтихан (алгебра);

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;

4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика).9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балл қою схемалары) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), республикалық мектептердің 9 (10) сынып оқушылары үшін және мектептердің 11 (12) сынып оқушылары үшін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дайындайды.Қорытынды аттестаттаудың мазмұны мен күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.

Әр пән мен оқыту тілі бойынша емтихан жұмыстарының материалдарын дайындау процесі келесі кезеңдерден тұрады.

1. Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰбілім басқармаларының мамандары (тренерлері) үшін «Жалпы білім беретін мектептердің 9 (10) сыныптар білім алушыларын қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» тақырыбы бойынша оқыту курстарын ұйымдастырады.

Өткізу мерзімі: 13-17. 01. 2020 ж.

2. Білім басқармалары емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеу және сараптау бойынша жұмыс топтарын құрады.Тәжірибелі пән педагогтары қатарынан әзірлеушілер мен сарапшылар тобының жұмыс топтарының құрамы Білім басқармаларыбұйрығымен бекітіледі.

Өткізу мерзімі: 01.02.2020 ж. дейін.

Оқу пәндері бойынша әзірлеушілер тобы қорытынды аттестаттау бойынша тапсырмалардың нұсқаларын дайындайды:

- жалпы білім беретін мектеп үшін-2 нұсқа (негізгі) + 1 нұсқа (қосымша);

-гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған мектептер үшін-2 нұсқа (негізгі) + 1 нұсқа (қосымша);

- арнайы ұйымдар, арнайы сыныптар мен топтар үшін-1 нұсқа.

- білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін-білім алушының жеке оқу жоспарына сәйкес нұсқа(«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы(ескерту - ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға арналған қорытынды аттестаттау бойынша оқу тапсырмаларын әзірлеуді білім беру ұйымдарының педагогтары жүзеге асырады және педагогикалық кеңесте бекітеді).

Әрбір оқу пәні бойынша қорытынды аттестаттау өткізілген күні әзірленген тапсырмалардың негізгі нұсқалары пайдаланылады.

Қорытынды аттестаттау тапсырмаларының қосымша нұсқалары білім алушы дәлелді себептермен қорытынды аттестаттау өткізілетін күні болмаған жағдайда пән бойынша қосымша емтиханда пайдаланылады.

3. Білім басқармаларыбілім беру ұйымдарына, пән мұғалімдеріне 9 (10) сынып оқушыларын даярлау үшін қорытынды аттестаттаудың оқу пәндері бойынша ерекшеліктерді жеткізеді.

Іске асыру мерзімі: 10.02.2020 ж. дейін.

4. Пән мұғалімдері 9 (10) сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындауды.

Мерзімі 15.02.2020 ж. бастап.

5. «Оқу пәндері бойынша жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» курсынан өткен тренерлер емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеушілер мен сарапшылар үшін өңірлік оқыту семинарларын өткізеді.

Өткізу мерзімі: 01.02. – 15.02.2020 ж.

6. Әзірлеушілер тобы әр оқу пәні мен оқыту тілі бойынша емтихан жұмыстарының материалдарын дайындайды.

Дайындау мерзімі: 16.02. - 31.03.2020 ж.

7. Әрбір өңірдің сарапшылар тобы емтихан жұмыстарының материалдарының әр пән мен оқу тілі бөлінісінде ерекшелікке сәйкестігіне сараптама жүргізеді. Емтихан жұмыстарының материалдары бар сараптамалық қорытынды Білім басқармаларына тапсырылуы тиіс.

Сараптама жүргізу мерзімі: 01.04 – 10.04.2020 ж.

8. Әзірлеушілер тобы сарапшылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, емтихан жұмыстарының материалдарын пысықтауды жүзеге асырады. 

Өңдеу мерзімі: 10.04 – 29.04.2020 ж.

9. Әзірлеушілер тобы Білім басқармаларына емтихан материалдарының түпкілікті жобасын ұсынады.

Тапсыру мерзімі: 30.04.2020.

10. Қорытынды аттестаттау материалдарын ұйымдастыру, әзірлеу, сараптау, көбейту, жеткізу процесінің барлық қатысушылары ақпаратты жарияламау туралы құжатқа қол қояды (қоса берілді).

11. Емтихан жұмыстарының материалдары Білім басқармаларының бұйрығымен бекітіледі.

Бекіту мерзімі: 04.05-06.05.2020 ж.

12. Білім басқармаларыбекітілген емтихан жұмыстарының материалдарын қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 1-3 күн бұрын білім беру ұйымдарына жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

13. Білім беру ұйымдарының басшылары емтихан жұмыстары материалдарының сақталуы мен құпиялылығына жауапты болады.

Просмотров: 672


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст