Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы

14.02.2020

«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ

15.01 – 15.02.2020ж. аралығында өткен «Қауіпсіз автобус» атты республикалық акциясының  есебі.

2019-2020 оқу жылы.

15.01 – 15.02.2020ж аралығында «Қауіпсіз автобус» атты республикалық акциясы  өтті. «Қауіпсіз мектеп автобусы» автобусы акциясы  туралы хабарландыру жасап, 1-11 сыныптарына линейка өткізілді.

Жол қозғалысының ережелерін түсіндіру бойынша сынып жетекшілері «Қауіпсіздік сабағы» және «Жарқын бол!» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында оқушылармен жол қауіпсіздігі және мектепке барар жол туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мектеп тәлімгері  Накенова Ж.Қ. 5-ші сынып  оқушыларымен 3-ақпан күні жол қозғалысы ережелері  туралы парақшалар мен жадынамалар таратып, көлік жүргізушілеріне бірнеше сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдап қайтты.

5 – ақпан күні Карсибаева А.Н және Накенова Ж.Қ. 1-11 сынып оқушыларымен мектепте тегін тасымалданатын оқушылармен тасымалдау сапасы бойынша жиын өткізді.

     Дене шынықтыру  пәнінің мұғалімі Танхаев А. сынып жетекшілерімен бірге 5-6 сынып оқушыларымен 6-ақпан күні «Өз өмірің өз қолында!» тақырыбында спорттық сайыстар ұйымдастырды.

   

15.01-10.02 аралығында  1-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілері жол қозғалысы ережелері туралы  әлеуметтік роликтер көрсетті.

12 – ақпан күні мектеп тәлімгері Накенова Ж.Қ. 3 сынып оқушыларымен «Жол белгілерін білесің бе?» атты тақырыпта балаларды жол белгілерімен таныстып, жұмбақтар шешіліп, тақырып одан әрі түсінікті болу үшін көптеген тапсырмалар орындалды.

   

Акцияның тұжырымдамасы, жоспары мен аакция туралы ақпараттарды  Шакирова Ж.Қ., Карсибаева А.Н. мектеп сайтына салды.

 «Қауіпсіз автобус» атты республикалық акциясы барысында мектептің барлық оқушылары мен мұғалімдері аталған мереке аясындағы іс-шараларға белсене қатысты.

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст