Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас мамандар сайысы

29.01.2020

«Жас келсе, іске!» мектепішілік

жас мамандар байқауы

16.01.2020 жыл

Байқаудың мақсаты:жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу және педагогикалық ізденістерге ынталандыру.

 

І кезең   Пән бойынша ашық сабақ     (09.15-13.20)

 

Мектептің акт залында өтеді

ІІ кезеңӨзін- өзі таныстыру    (3-4мин) 

ІІІ кезең «Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят )

ІҮ кезең Логикалық сұрақтар    (1 мин)

 

 

 

Әділ-қазы мүшелері:  

 

Сарсенбаева Гульбарам Баярстановна мектеп директоры

Дуйсекова Кулпан Тлеулиевна кәсіподақ ұйымы төрайымы

Байженова Алия Жакуевна мектеп психологы

Оразбаева Гульсум Шокеевна орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Тлеубаева Гульмира Кайроллаевна математика пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:«Жас келсе, іске!» жас мамандар байқауы

 Байқаудың мақсаты: жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу және педагогикалық ізденістерге ынталандыру.

 

І. Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!

ІІ. Жүргізуші:- «Жас келсе, іске!»атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!

І. жүргізуші:

Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,

Әлде ол қарапайым мұғалім ба?

Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,

Жанымды толтырады бұла мұңға.

ІІ. жүргізуші:

Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?

Көшбастарзамананыңеріемеспе?

Жатталыпкейінгіге хаты қалған,

Ұстазол - күлліәлемніңнұрыемеспе?

І. жүргізуші:

Осы орайдаұстаздықтыжүрекқалауыментаңдап, жоғарыжәнеарнаулыоқуорындарынойдағыдайаяқтап, ортамызғакеліпеңбекжолынжаңағанабастапжатқанжасмамандарғақадамдарыңқұтты, еңбекжолдарыңсәттіболсындегентілекбілдіреміз.

 

ІІ. жүргізуші:

 Беркинбаева Газиза Кеңесқызы  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Ұстанымы: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»

 

Зейнуллина Жанайым Телманқызы биология пәнінің мұғалімі

Ұстанымы «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап»

 

 Усанбоева Салтанат Алиқызы математика  пәнінің мұғалімі

Ұстанымы: «Мықты болсаң, алдағыны босып оз, мықты болсаң, арттағыға жеткізбе»

Каирова Риза Саркытовна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұстанымы:: «Көкіректе сәулесі жоқтың,көңілінде сенімі жоқ»

 

ІІ. жүргізуші:

Спортты серік еткен өн бойына,

Жеті өнерді жинаған өз қолына

Сабырлы да, салмақты біздің Әлішер

Шығады әлі талай биік шыңға.

Танхаев Алишер  денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Ұстанымы: «Тек қана, Алға!»

 

ІІ. жүргізуші:

Ендеше сіздердің білім, біліктеріңізді саралайтын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

І. жүргізуші:

Сарсенбаева Гульбарам Баярстановна мектеп директоры

Дуйсекова Кулпан Тлеулиевна кәсіподақ ұйымы төрайымы

Байженова Алия Жакуевна мектеп психологы

Оразбаева Гульсум Шокеевна орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Тлеубаева Гульмира Кайроллаевна математика пәні мұғалімі

 

ІІ. жүргізуші:

Сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.

І.тур Ашық сабақ көрсетілімі.

ІІ. тур Таныстыру

Ескеріледі:

- Мазмұны

- Көрерменге әсер етуі

- Орындау шеберлігі

- эмоционалдығы

ІІІ тур -Педагогикалық жағдаят.

ІҮ тур Логикалық сұрақтар  

 

І. Жүргізуші

«Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят )

Ескеріледі:

 Жағдайды шешу шеберлігі

- Педагогикалық - психологиялық сауаттылығы

- Түсінікті баяндауы

- Жедел әрі нақты жауап беруі

- Өзіне, жауабына сенімділігі

 

Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір - бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.

Логикалық сұрақтар

Логикалық сұрақтар (1 минутта неше сұраққа дұрыс жауап беріледі)

 

Ән шашу

Қорытынды шығарылады.

 

І жүргізуші:.

Ұстаз сөзі күн нұрына пара - пар,

Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.

Ізгілік пен мейірімге толы ол,

Шуақ болып жүректерге таралар.

ІІ жүргізуші:

Білімнің айдынында жүзіп өткен,

Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.

Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,

Сен арқылы әлемді танып білген.-дей келе бүгінгі «Жас келсе, іске» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст