Текст
Ерейментау ауданында 10-20 қараша аралығында «Бала құқығы- адам құқығы» республикалық онкүндігі өткізіледі. Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының отбасылық клубтарының қатысушыларымен, көп балалы аналармен, ата- аналар қауымдастықтармен дөңгелек үстелдер, кездесулер, әңгімелер өткізіледі.Мектеп оқушыларымен Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның ережелерін түсіндіру бойынша сынып сағаттары, эссе конкурсы, сурет байкаулары өткізіледі.