Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы

28.04.2022

Сәуір айының 27-күні мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайларға байланысты соңғы оффлайн форматтағы жиналыс осыдан 2 жыл бұрын өткізілген болатын.  Ата-аналар жиналысында өзекті мәселелер қозғалып, ата-аналармен талқыланды. АПБ кәмелетке толмаған жастар ісі бойынша инспекторы М.Б.Керейбаев жиналысқа қатысып, ата-аналарға оқушылардың жолда жүру ережелері, кешкі уақытта жасөспірімдердің далада жүрмеуі, жасөспірімдер арасындағы және жасөспірімдерге қарсы құқық бұзушылық және олардың жазалануы тақырыптарында ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жазғы мектеп, жазғы лагерь, қорытынды аттестаттау,  мектеп формасы, оқушылардың демалыс уақытындағы қауіпсіздігі,  мектепке 1-сынып оқушыларын қабылдау және т.б тақырыптар қарастырылды. Ата-аналар тарапынан белсенділік жоғары болды, өз ойларын ортаға салып,  мектеп ұстаздарына алғыс білдірді.

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст