Текст
Мектеп, оқушы және ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған отбасылық "Екі жұлдыз" сайысы өткізілді. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналары немесе туысқандары қатысты. Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мектеп әкімшілігі атынан барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, оқушыларымыз биік шыңдардан көрініп, бағындырар асулары көп болсын дейміз!