Текст
Наурыз мерекесіне орай мектебіміздің бастауыш сыныптары арасында "Армысың, әз-Наурыз" атты ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде барлық санитарлық талаптар сақталды. Ұйымдастырушы сыныптарға да, сатып алушы оқушыларға да жәрмеңке өте қызықты өтті. Ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз! Наурыз мерекесі баршамызға құт-береке алып келсін! Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын!