Текст
Кәсіптік бағдар беру мақсатында 15-наурыз күні мектебімізге Ерейментау қаласының №8 агротехникалық колледжі мамандары келіп 9-сынып оқушыларына аталған колледж жайлы ақпарат берді. Колледждегі көрсетілетін қызмет түрлері жайлы, ондағы оқытылатын мамандықтар жайлы айтылды. Мамандықтар қазіргі кезде өте қажет, жоғары сұранысқа ие екендігі, мамандық иесі болғаннан кейін өз бизнестерін ашуға үлкен мүмкіндік бар екендігіне тоқталды. Ең негізгісі оқушылар өз ауданында оқып, өз ауданына үлесін тигізетін маман иелері бола алады.