Текст
14-наурыз күні мектебімізде "Қыз Жібек" фильмінің үзіндісіне сахналық қойылым сайысы өтті. Сайыста оқушылардың актерлік шеберліктері, сахнада өзін-өзі ұстауы, рөлді сомдауы, аудиториямен жұмыс және киім үлгілеріне баға берілді. Сайыста 8А сыныбы "Гран при" иеленсе, 8Ә сыныбы 1-орынға, 7Ә сыныбы 2-орынға, ал 7А сыныбы 3-орынға ие болды. Сайыс оқушылардың қазақ фильмдеріне, лиро эпостық жырларға деген қызығушылықтарын ашып, сахнада өнер көрсету дағдыларын одан әрі жетілдіре түсті. Көрермендерге қызықты да тартысты болған бұл сайыс, фильмді тағы бір рет естеріне салып, көз алдарынан өткен сияқты күйде болды.