Текст
14-ші ақпан күні мектебімізде Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығуына 33 жыл толуына байланысты 9-11 сыныптар аралығында әскери-спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Ауған соғысының ардагерлері: Умирзақов Хамит, Салыков Мұрат, Баймұханов Қадір және Ахметов Жамбыл қатынасты. Жарыс ер адамдарға Отан қорғау парыздарын түсіндіру, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу үшін ұйымдастырылды. Жарыста 9"а" сыныбы І- орын, 9"ә" сыныбы ІІ- орын және 10"а" сыныбы ІІІ орын алды. Жарысты ұйымдастырған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Идрисов Ж.Ж.