Ата - аналарға 14 кеңес
1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек. 2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз. 3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз. 4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз. 5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз. 6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет. 7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз. 8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз. 9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды. 10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз. 11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз. 12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс. 13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. 14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.
Жас мұғалімге 10 кеңес
1.Мұғалімдік еңбек жолындағы алғашқы қадамың шәкiрттiң оқуға деген ынтасына мән беруден басталады. 2. Есiңде болсын өзiң жалындай бiлсең, басқаның көңiлiн, ынта ықыласын оятасың. 3. Iлiм жолындағы ұстанар тағылым алған бiлiмiңдi таным түсiнiгiнде жүзеге асыру, оны тiршiлiкте үйлесiмдi қолдану мұғалім үшiн өмiрлiк шарт деп қарағаның жөн. 4. Ой азабын кешпей бiлiм бойға дарымайды. Былайша айтқанда қойылған мәселенің шешiмiн шәкiрт өзi тапсын, ойлансын, толғансын. Iзденiс маңдайға тисе ғана бiлiм санаға сiңедi, ұғым түсiнiкке ұйтқы болады. Оқығанды көңiлге тоқудың арнасы ашылады. Мұны ой еңбегiнiң күрделi күрмеуiнің шешудiң кiлтi деп бiл. 5. Оқушыға қойылатын талап оның дамуындағы ақиқат шындықпен iштей бiрлiк тауып, үйлесiмдi болса ғана
сiз жүргiзген тәлiм-тәрбие нәтижелi болады. 6. Адам жастық шағында елiктегiш келедi. Әсiресе туған өлкесiн сүюге, ана тiлiн құрметтеуге, елiнiң тарихы мен ғұрпын игеруге деген әсерлi сезiмiн қолдап, iзеттiлiгiн сөз жөнiнде ғана емес iс жүзiнде терең тануы жөнiнде өнеге көрсетуi мiндеттi екенiңiздi бiр сәт естен шығармағаның жөн. Өнеге өрге бастырады. 7. Сенiң таңдаған жолың ұстаздық, демек, тәрбиешi тәлiмгерсiң, ар-ождан алдындағы басты парызың, мамандықтың басты парызы болғандықтан, оның бұралаң-бұлтарысы сенiң төзiмдiлiгiңдi ұстамдылығыңды шыдамдылығыңды талап етедi. 8. Мамандық талабына үйлесiмдi үлгi болуда жеке басында кездесетiн кемшiлiк, қателiктердi дер кезiнде мойындап, ешкiмге жария етпестен уақытымен түзетуге бар пейiлiңмен кiрiс. Нағыз зиялы адам өзiн-өзi бақылай бiлуге мiндеттi. 9. Оқушыны қабiлеттi, бойында күш-қуаты жеткiлiктi екендiгiне сендiре бiл. Өйткенi сенiм жеңiске жеткiзе бiлетiн үлкен күш. 10. Ұжымда азды-көптi абыройға ие болсаң болдым, толдым демей, үздiксiз оқып, iзденiп, өзiңдi тәрбиелеуден қол үзбегiн!. Оқуды тастаған күнi-сол сәттен бастап, бәрiнен сырттадым дей бер.
Нашар оқитын оқушылармен жұмыс бойынша мұғалімдерге арналған жаднама
1. .Жыл басында пән мұғалімдерінің жеке журналдарында оқушылардың оқу мүмкіншіліктері туралы мәліметтерді көрсету қажет. Сынып жетекшілерімен әңгімелесіп, бақылау жүргізу. 2.Үлгере алмай артта қалған оқушылардың себептерін зерттеуге және оларды мүмкінінше жою. 3.Ата-аналар және оқушылармен бірге күн тәртібін жоспарлау. 4.Балаларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. 5.Ата-аналармен тығыз байланыста болу және ата-аналарға өз балаларына жүйелі түрде көмек көрсету дағдыларын үйрету. 6.Нашар оқитын оқушылар үшін сәттілік жағдайын туғызу. 7.Оқушыларға үй тапсырмасын орындау және оқулық мәтінімен жұмыс жүргізу жүйесін үйрету. 8.Қосымша жұмыс жүргізу. 9.Меңгерген тапсырма мөлшері мен мүмкіншіліктерін ескере отырып жеке тапсырмалар беру. 10.Ата-аналармен келісіп, нашар оқитын оқушылардың оқу жұмысына үнемі бақылауды ұйымдастыру. 11.Өз пәні бойынша балаларды белсенді түрде сабақтан тыс жұмыс жүйесіне қатыстыру. 12.Мектеп жұмысының әдістемелік тақырыбы «Жеке тұлғаны бағыт бере оқытумен оқушы тұлғасын 13.өздігінен және мектеп-гимназияның дамуына» бойынша сабақтан тыс және сабақта жеке жұмыс. 14.Мұғалімнің жеке жұмысы менүлгерімі жақсы оқушылар тарапынан нашар оқитын оқушыларына оңтайлы байланыстырылған көмек ұйымдастыру. 15.Оқушылардың мүмкіншілігін ескере отырып жеке үй тапсырмаларын беруді қолдану.
БАЛАЛАРДА ӨЗІНДІК ҚАДІРЛЕУ МЕН ЖЕКЕ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТУҒА ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМЕДЕСУ КЕРЕК?
Мектепте: · Жетістікке жетуге шынайы мүмкіндіктер ұсыныңыз; · Балаға үнемі қызығушылық таныту, оның бастамаларын қабылдау және қолдау; · Өткендегі қателіктері мен шалыс басуларына көңіл аудармай, мінезінің оң жақтарына назар салыңыз; · Үнемі баланы қолдап, қайраттандырып, мақтау қажет, оны ешқашан сынға алмай,оған арсыздық көрсетпеу қажет; · Баланың қолынан келетін тапсырмаларды таңдай отыра, оның сенімсіздігінің, қателік жіберуден және сәтсіздіктен, жаңа істен қорқудың алдын алу; · Оған нақты мақсаттарды қоя білу және оның жетістіктері мен
сәттіліктеріне шынайы баға беру. Отбасында: · Қарым-қатынаста жылылық және эмоционалдық пікір білдіру, барлық жағдайда қолдау көрсету қажет; · Отбасына эмоционалдық жақындық ахуалын жасаңыз; · Балаға үнемі қызығушылық танытыңыз, оған қамқор болыңыз; · Талаптылықты – немқұрайлықтан, бостандықты – шектеуден, қатынастағы жылылықты – шеттетуден артық көріңіз;
· Балалармен қарым-қатынаста авторитарлық позицияларды жойыңыз. · Отбасындағы қатынаста дерективті стильге жол берілмеуі керек! · Балалармен қатынаста өз қателіктерінді мойындай білу қажет.
Баламен сөйлесуді 10 ережесі
«Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң »
Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң,есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болмайды.Шешілетін жолдар әр қашанда бар, тек қана соны таба білу керек.Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалансаң,сен сол қиын жағдайдан,өзіңе үлкен шығын келтірмей,шыға аласың. 1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге немесе күйзеліске түспе.Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс. 2 кеңес. Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта.Егер өзің болсаң,барлық жауапкершілікті өзіңе ал.Жақсылап ойлан,тағы да қай жерден ,қандай қауіп болуы мүмкін. 3 кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласың, соны ойла. 4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс.Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың.Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай. 5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын,бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме.Саған одан жеңілдік болмайды. 6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын,өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра.Егер ол сенің ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы. 7 кеңес. Ата-ана алдындағы үрейіңді бас.Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін,күн жарқырап салады. 8 кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашанда қорықпа.Қорқыныш – сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш – жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әр қашанда көмек көрсетіледі.