Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

01.02.2017

Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске  қосылды.

БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ САЛЫМДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?

Елімізде қаражат жинақтаудың жаңа жүйесі – білім беру жинақтау салымдарының енгізілгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Бұл жүйенің тиімділігі қандай? Ол несімен ерекшеленеді. «Даналық – қарттарда, талап – жастарда» демекші, осы даналық – өмірлік тәжірибе адам баласын келешекке белгілі бір дайындықпен, көрегендікпен қарауға үйретеді. Міне, сондықтан болар, көптеген ата-әжелеріміз өмірлерінің

жалғасы бо­лып табылатын немерелерінің жарқын бо­ла­шағына қазірден-ақ үлесін қосуға мүм­кіндік беретін қаражат жинақтаудың жаңа жүйесі – білім беру жинақтау салымдарын қуана қарсы алды. Елімізде Мемлекеттік білім беру жи­нақтау жүйесі іске қосылып, халыққа қыз­мет етіп жүргелі бір жылдан асты. Бүгінгі таңда 8 мыңнан астам отандасымыз осы жүйеге өз сенімдерін білдіріп, балаларының болашақта білім алулары үшін қаражат жинауда. Аталмыш жүйеге қатысушы банкте де­позит ашқан әрбір салымшы жинақтау мер­зімінің соңында оқу ақысының шығын­дарын шамамен 30-40 пайызға қысқарта алады. Айырма мұндай салымға есептеліп отыратын банктің сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысы арқасында қалыптасады. Бұл депозиттің банктік салымдардың бас­қа түрлерінен айырмашылығы осындай мем­лекет сыйлықақысының болуымен ерек­шеленеді. Бұл қаржылық тетік аға ұрпақ өкілдерін несімен қызықтырады? Қаржы орталығына хабарласып, кеңес сұраушылардың дені не­ліктен зейнетке шыққан аталар мен әжей­лер? Өйткені, мұнда білім беру жинақтау салымына жарна енгізушілер ортасына шек­теу қойылмайды. Егер перзентіңіздің аты­на мұндай салым ашылған болса, әрі ол атасы мен әжесінің қамқорлығына бө­лен­ген бақытты бала болса, олар депозит ашылған банктің бөлімшесі бар ҚР-ның кез келген қаласында тұрып-ақ, салымды толықтырып, қазірден немересінің болаша­ғына үлес қоса алады. Біздің ұлттық менталитетімізде «ата­дан балаға» деген тү­сі­нікке қашан да ерек­ше мән берілген. Ал үл­кендердің мұндай қам­қорлығынан кейін өс­келең ұрпақтың ал­ғысы шексіз болары анық. Дипломдарын қол­дарына алған соң да ата-әжелерінің, әке-ше­шелерінің бұл жақ­сылығын естерінде сақ­тап, құрметтейтін бо­лады. Кеңес дәуірінде тәр­биеленіп, есейген аға буы­нның мемлекетке се­німі әлдеқайда жоғары болатыны және қа­ражат жинақтауға дағдыланғаны белгілі. Жал­пы, кеңес дәуірі кезінде халықтың қа­ражат жинақтау мәдениеті әлдеқайда жоғары болды. Ақша банктерде және сақ­тандыру компанияларында сақталды. Бала­ларды 500 және 1000 рубльге сақтандыру үйреншікті іс болатын. Нарықтық ортада тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақ ақшаның рөлін жақсы бі­леді. Баланың атына депозит ашу арқылы ата-ана оны тұлға ретінде айқындайды, оның лайықты, жарқын болашаққа сенімін арт­тырады. Білім беру жинақтау салымын пайдалана отырып, ата-ана отбасында ақ­ша жинақтау мәдениетін дамытады, әрі ба­ланы жақсы оқуға ынталандырады және жо­ғары нәтижеге ұмтылысын арттырады. Бүгінгі таңда мұндай салымды екінші деңгейлі 4 банкте – Темірбанк, БТА банкі, Қазақстан Халық банкі, Цеснабанкте – ашуға болады. Әрбір банк 8%-дан 10% ара­лығында өзінің сыйақы

мөлшерлемесін бел­гілейді. Бұған қоса білім беру жинақтау салымына жыл сайын 5%-дан 7%-ға дей­інгі мөлшерде мемлекет сыйлықақысы есеп­теледі. Жоғары пайызды мемлекет сый­лықақысы жетім балаларға, мүгедек ба­лаларға, көп балалы отбасындағы ба­ла­ларға және әлеуметтік жағынан аз қам­сыздандырылған отбасылардағы балаларға төленеді. Осылайша, бұл жинақтау жүйесі бойынша депозит

ашу арқылы салымшылар өз жинақтарын жылына 13% -17%-ға дейін көбейте алады. Тағы бір маңызды жайт, салымшының қаражаты жылдан жылға тек көбейе береді, яғни әрбір жинақтау жылының соңында банктің сыйақысы мен мемлекеттің сый­лықақысы салымшының енгізген қара­жа­тына қосылып, бір сомаға айналады (ка­пи­талдандырылады) да, кейін әрбір жа­ңа жылдан бастап пайыздар осы жалпы со­маның негізінде есептеліп отырады. Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мақал бар. Бұл – күшті мем­лекет болу үшін алдымен жаңа ұрпаққа туылғаннан бастап дұрыс тәрбие беру қажет деген сөз. Бүгінде мемлекетіміз әр­бір аза­матқа білім беру жинақтау салымы ар­­қылы дүниеге келген күннен бастап ба­­лаларының жарқын болашағының ір­ге­сін қалауға мүмкіндік беріп отыр. Сон­дықтан, аталарымыздың ақылына құлақ асып, олардың көрегендігіне, өмірлік тәжі­рибесіне сүйеніп, ұрпағымыздың лайықты білім алуына жағдай жасау өз қолымызда! МББЖЖ бойынша ашылатын депозиттердің банктердегі басқа депозиттерден ерекшелігі – онда банктің сыйақысынан бөлек мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Ол салымшының әлеуметтік мәртебесіне қарай 5-7%-ды құрайды. Сонымен қатар, мемлекет сыйақасы бір жыл ішінде жиналған сомаға емес, барлық жылдар нәтижесінде жиналған жалпы қаржыға жыл сайын қосылады.

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст