Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ерейментау қаласының "Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.02.2017

Сабақтың тақырыбы:  Паскальдағы графиктік операциялар

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылар Паскаль тілінде графиктік режимде сурет салу үшін қолданылатын операторлармен  танысады. 2.     Бағдарлама құру машықтарын жетілдіреді. 3.     Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа,  топта жұмыс істеу кезіндегі мәдениеттілікке үйренеді.

Күтілетін нәтиже:       

Оқушылар сурет салу үшін стандартты библиотекалық модульдердің, процедуралардың және функциялардың арналу міндетінбілу қажет;

- Монитордың бейнережимін анықтай және тағайындай алуы қажет;       Графикалық қарапайым кескіндерді пайдаланып, программаларды құра және орындай алуы керек.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:  топтық жұмыс, диалогтік

Модуль: СТО, АКТ, Оқыту үшін бағалау.

Пән аралық байланыс:   геометрия, ағылшын тілі, қазақ тілі, сызу.

Көрнекіліктері: сабақтың презентациясы

  Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер,  таратпа материалдар.

Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту. Паскальдағы трминдерді қолданып жақсы лебіздер айту. 

1.    Әрбір күнді күлкімен, Қуанышпен бастаңыз Көңілсіз күндер боп жатса, Clear – мен өшіріп тастаңыз.

2.     Паскальдай ақылды, Достарың көп болсын.

  3. Өміріңізде ешқашан Шыңғырған вирус шықпасын Мазалап жатса егер де, Доктор веб пен Каспер  қорғасын!

  Үстел үстіндегі кәмпиттерді таңдап, алған кәмпитіне байланысты топтарға бөліну.

Сыныптың хал –ахуалын біліп, сабақты бастау. Үй тапсырмасын тексеру: Сәйкестендіру тесті арқылы. Топтарға таратпа қағаздар беріледі. Топпен орындалатын тапсырма.  Болған соң қарсы топтар бір – бірінің жұмыстарын тексереді.

Миға шабуыл

Оқушылар

қазір мен сіздердің ағылшын тілінен білімдеріңді байқамақпын.

(тақтада

графикалық процедуралар жазулы тұрады. Солардың аудармалары сұралады)

Line –                             түзу

Circle –                           шеңбер

Ellipse –                          эллипс

Sector –                          сектор

Arc –                              доға

Rectangle –         тіктөртбұрыш

Оқушылар! Қалай ойлайсыздар бұлармен бүгінгі сабақта не жасаймыз деп ойлайсыңдар?

(оқушылар жауабы)

Әрине графиканы. Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз «Паскальдағы графиктік операциялар» деп аталады. Ендеше балалар паскальдың экраны координаталық жазықтық сияқты х және у осьтерінен тұрады. Х осі 640, ал у осі 480 нүктеден тұрады.  Паскальда стандартты 15 түс қолданылады. Қазір мен топтарға тапсырмаларды беремін: Топтағы балалардың ішінен  1 - баяндамашы, 2 – суретші,  3,4- программист, 5 – бағдар беруші болады. Тапсырмалар:   1 – ші топқа түзу, тіктөртбұрыш. 2 – ші топқа нүкте, шеңбер туралы толық мағлұмат беріп, тақырыпты ашу. Түстер туралы және паскаль экрнанының координаталары туралы толықтыру.  Сабақты бекіту.

Сергіту сәті: берілген сұрақтарға мақалдап жауап беру керек.

1.    Қар жана ма?                         Қалауын тапса қар  жанар.

2.    Тастың жеңілі бола ма?        Керек тастың ауырлығы жоқ

3.    Аппақ қарға бола ма?           Қарға баласын аппағым дейді.

4.    Жыланды үйінен қалай шығаруға болады?  Жылы – жылы сөйлесең

5.    Ит құйрығына отыра ма?      Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырар.

Сәйкестендіру тесті

Нүкте

Bar(x1,y1,x2,y2)

Кесінді

Rectangle(x1,y1,x2,y2)

Сызық

Arc(x,y, b, s, r)

Тіктөртбұрыш

Ellipse(x,y,b,s,rx, ry)

Боялған тіктөртбұрыш

Sector(x,y, b, s,

rx, ry)

Шеңбер

LineTo(x,y)

Эллипс

Line(x1,y1,x2,y2)

Боялған эллипс

Fillellipse(x,y,

r1, r2)

Доға

Circle(x,y,r)

Сектор

PutPixel(x, y, t)

LineTo

(x, y, t)

Line

(x,y,r)

Fillellipse

(x1,y1,x2,y2)

Circle

(x,y)

PutPixel

(x,y, r1, r2)

топтар жұмыстарын таныстырады. Бағалау Рефлексия

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст