Текст
Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Серікбек Бауыржан "Зерде" республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінде жүзден жүйрік шығып, I орынды иеленді және республикалық кезеңге жолдама алды. Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша сынға түскен ғылыми жұмыстар ішінен сарапталып, жобаны қорғау кезінде облыс бойынша ең жоғары ұпайға ие болған жас ғалым өзінің ізденісін жүйелі түрде жетекшісі, "Үздік педагог -2015" республикалық конкурсының жеңімпазы Нурмаханов Бекай Жаббаровичпен бірге зерттеген болатын. Нәтижелі жұмыстың жемісі алдағы республикалық кезеңде де өз деңгейінде бағаланатындығына сенімдіміз.